Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден Мәжіліс сайлауына қатысады
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ҚР Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне партия атынан сайлауға түсетін кандидаттардың партиялық тізімін ресми түрде тапсырды. Тізімде Президенттіктен үміткер болған Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден бар.
Саяси додаға партия атынан партиялық тізім бойынша 25 үміткер қатысатын болады.
Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін жасау кезінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес барлық санаттың, оның ішінде әйелдердің, жастардың және инклюзивті қоғамның өкілдігі қамтамасыз етілді.
Атап өтсек, ұсынылған 25 кандидаттың ішінде 6 әйел, 1 инклюзивті қоғамның өкілі бар. Сондай-ақ, жастар арасынан 3 адам ұсынылып отыр. Яғни, тізімде арнайы квота (36%) сақталған. Кандидаттардың орташа жасы 43 жасты құрайды, ең жас кандидат 25 жаста. 2 адам 2022 жылы өткен сайлауда президенттікке, 7 адам 2021 жылы өткен Мәжіліс сайлауында депутатыққа экс-кандидат болған. Сонымен қатар кандидаттардың ішінде 15 адам бейінді аграрлық білімі бар және нақты сектордың (өндірістің) өкілдері.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық