«Жігіттің өлімі»: Жүрегі жаралы жұрттың жан айқайы
Фото: Orda.kz
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 22 жастағы Жақсылық Асанақын мотоциклмен сиыр қағып, ауруханаға түсті. Ота кезінде инфекция түсіп, басы ісіп кеткен Жақсылық 9 күннен соң қайтыс болды. Бірақ туыстары ірі қараны емес, артынан келіп соққан көлік кінәлі деп отыр. Orda.kz қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтады.
5 тамыз күні кешкі сағат 8 шамасында Еңбекшіқазақ ауданындағы Қорам кентінде мотоцикл тізгіндеген Жақсылық апатқа ұшырады. Ресми дерек бойынша ол ірі қара малға соғылған. Алайда, соққы дауысын естіп көшеге шыққан куәгерлер оқиға орнында мотоциклден бөлек көліктің болғанын көрген. Бір қызығы, осы күнге дейін көлік иесі анықталмады. Тіпті оқиғаның мән-жайы анықталмай жатып, істі сиыр соқты деп жауып тастаған полиция қызметкерлеріне марқұмның туыстары наразы.
Жақсылық сол күні 30 жастағы ер адамның үйіне барып көмектескен. Қорам ауылының тұрғыны Мадияр Касенов оқиғаны былай баяндады.
«Жұмыстан келіп, тамақ ішіп отырғанмын, қатты шиқылдап, соқтығысқан соққы дауысы естілді. Мен ойладым, екі көлік соқтығысты екен деп. Шығып қарасам, сиыр мен мотоцикл тұр, ар жағында бала жатыр екен. Тура жанында көлік тұрды апат шамдарын жағып. Мен жедел жәрдемге хабарласып, шақырдым», – деді ол.
Көмексіз қалған Жақсылық
Оқиғадан кейін Жақсылық ауруханаға жеткізіледі. Бірақ ертесі таңғы сағат 8-ге дейін дәрігерлер тарапынан ешқандай көмек көрсетілмеген. Бөлесі Баян Ұлықбектің айтуынша, Жақсылық құлаған жерінен өзі тұрып, үйге қайтамын деген жерден жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға алып кеткен.
Дәл сол күні ауыл әкімінің көршісі басқа ауыл тұрғынын қағып кетіпті. Дәрігерлер Жақсылықты кейінге қалдырып, сол әкімнің көршісі қаққан науқасқа бүкіл күшін жұмылдырғанымен, ер адам бақилық болған. Жақсылыққа тек таңғы 8-де ота жасалады. Туыстарының айтуынша, отаны жасаған дәрігер Азамат Құрманбеков із-түссіз жоғалып кеткен. Жақындары дәрігерді іздеп, таба алмай жүргендерін айтты. Ота жасалғанымен, бастағы ұйыған қан еш өзгеріссіз қалған. Жақсылықтың бас сүйегін ойып алып тастаған. Азамат облыстық ауруханадан шақырылған дәрігер екен. Туыстары сол ауруханадан іздестірсе, ол жерде жұмыс істемейтін болып шықты.
«Менің бауырыма ауруханаға түскен кезден бастап ем бастаулары қажет еді. Біз басқа нейрохирург дәрігерлерден сұрастырып білдік. Олардың айтуынша, 4 сағаттың ішінде дәрімен ұйыған қанды кетіру керек еді дейді. Ол күрделі ота емес. Менің бауырыма ота жасалғанда инфекция түсіп кеткен. Сол инфекциядан миы ісіп кетті. 9 күн комада жатты. Інім таңғы 6-да қайтыс болған, бірақ бізге 9-да айтты. Біздің рұқсатымызсыз аппаратты өшіріп тастады. Жақсылықтың інісіне полиция қызметкері сол күні қоқан-лоққы көрсетіп, ауруханаға ешқандай шағымым жоқ деген қолхат жаздыртып алды», – деді бөлесі Баян.
Жақсылықтың денесін туыстары мәйітханадан 60 мың теңге беріп сатып алған. Сараптама қызметкерлері жалған құжат жасап, «сиыр қақты» деп қолдарына құжат ұстатқан.
«Сиырды қожайыны полиция қызметкерінің нұсқауымен шұжық цехқа өткізіп жіберген. Жақсылықтың басын тесіп тастайтындай ауыр жарақат алмады. Аурухана қызметкерлерінен құжат талап етіп, 5 күн дегенде әрең алдым. Ауруханада Жақсылық реанимацияда жатқанда медбикелер ауруханада дәрі жоқ, өздеріңіз әкеліңіздер деді. Сонымен қатар, жалған куәлік берушілер пайда бола бастады. Куәгерлердің куәлігін қолданып, полиция қызметкерлері істі жаба салды. Біз шу шығарған соң қайта ашты», – деді Баян.
Баянның айтуынша, Қорам ауылында бұған дейін де 3 жасар қызды қағып, ескі балабақшаға апарып тастаған. Бұл бірінші жағдай емес. Жақсылықты туыстары қалаға алып кетпекші болған, бірақ аурухана «өзіміз қараймыз» деп бермей қойған.
Orda.kz тілшілері ота жасаған хирург Азаматпен хабарласты.
«Мен ота жасамадым, кешіріңіз, жиналыстамын», - деп қоңырауды қоя салды.
Ресми мәлімдеме
Шелек аудандық ауруханасының директоры Гүлнәр Құраметова жас жігіттің қайтыс болуына қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, науқас ауруханаға ауыр жарақатпен түскен.
«Түскен уақытта диагнозы – жабық бас-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі мидың соғылуы, ми қысымы. Баланың жағдайын түсіндіріп айттық. Хабардар болды. Бізде бейнебақылау бар, қай уақытта кіргені, шыққаны көрінеді. Жол-көлік апатынан қайтыс болғандарды медициналық сараптамаға жібереміз. Біз полиция қызметкерін денесін алып кетуге шақырдық», – деді Гүлнәр Құраметова.
22 жастағы Жақсылықтың ата-анасы мен туыстары оның өліміне көлік жүргізушісін және сәтсіз ота жасаған Азамат есімді дәрігерді кінәлап, жазасыз қалмауын талап етуде.
Қорам ауылының тұрғындары аурухана дәрігерлеріне қатысты шағымдарының көп екенін жеткізді. TikTok желісінде Жақсылықтың бейнежазбалары тарала бастағаннан кейін, сол ауруханаға байланысты көптеген жағымсыз пікірлер пайда болды.
Жас жігіттің қайғылы өлімі қоғамда көптеген сұрақтар тудырып отыр. Туыстары мен ауыл тұрғындары оқиғаның толық әрі әділ тергелуін талап етуде. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Orda.kz бұл жағдайдың әділ шешімі табылып, барлық мәселелер заң шеңберінде қарастырылуын әрі қарай да баяндайды.
Жаңалықтар
- Еліміз балаларға медициналық көмек көрсетудің гибридті моделін енгізеді
- 200 тоннадан астам зақымданған астық елге кіргізілмей, экспорттаушы елге қайтарылды
- Прокуратура Алматы облысында 800-ден астам құқықбұзушылықты анықтады
- Bloomberg — Қазақстан өңірдегі цифрландыру көшбасшысы
- Жаңа Конституцияның қабылдануына орай кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін?
- Еліміздегі ҰБТ-дан шекті балл жинаған талапкерлер күмән туғызды
- Жалған жұмыс арқылы әлеуметтік төлем алғандарға қатысты 38 қылмыстық іс қозғалды
- АҚШ Эбола вирусын жұқтырған науқастарын Африкаға орналастырмақшы, Кения соты қарсы шықты
- Қарағанды облысында өртенген үй мен шаруашылық құрылысынан 8 газ баллоны шығарылды
- Тоқаев: Озық технологиялар еуразиялық интеграцияның қуатты катализаторына айналуы керек
- Жангелдиндегі отбасы өлімі: Туыстары бірнеше ай бойы марқұмдармен хат жазысқан
- «Есімімді кірлетуге жол бермеймін»: Михаил Шайдоров жалақы дауына қатысты мәлімдеме жасады
- Қазақстан халықаралық деңгейде «+7» телефон коды бойынша тең құқықты мәртебесін бекітті
- Атырау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
- Қазақстан Ресейдің қазақтар көп тұратын өңірлеріне мектеп салады
- Тағы бір «Палау орталығы» өртенді, бұл жолғысы Астанада
- Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандыққа қатысты тың дерек шықты
- Сот процесінде Сұлтан Сәрсемалиевтің ата-анасының сөзі тыңдалды
- Қай маман иелерінің жалақысы 2,5 есеге дейін өсіп, үкіметтен қолдау көреді?
- Атырауда жасөспірім қатысқан оқиға бойынша төрт адам жауапқа тартылды