«Жігіттер жеңіспен оралсын». Сабуров Ресей әскерін қолдаған видео жарияланды

cover Фото: Бейнеден кадр

Жуырда ғана Ресейге кіруге 50 жылға тиым салынған Нұрлан Сабуров 2025 жылы «Вагнер Истра легионының» жауынгерлеріне 10 мотоцикл жіберген, деп хабарлайды Orda.kz. 

«Вагнер» — Ресейге тиесілі, мемлекеттік емес, заңсыз қарулы ұйым. Жекеменшік әскери компания кәсіпкер Евгений Пригожин тарапынан құрылған.

Бірқатар елдерде террористік ұйым ретінде танылған.

Стендап-комик Сабуров бейнеде Истра қаласында екенін, «игі іс» аясында 10 қуатты эндуро мотоциклін тегін тапсырғанын айтады. 

«Жігіттер аман-есен, жеңіспен оралсын», — дейді Нұрлан Сабуров.

Бейне Истра муниципалдық округі әкімшілігінің ресми Telegram арнасында жарияланған. 


Сабуров кеше ғана Instagram әлеуметтік желісіндегі барлық жазбаларын толық өшіріп , үндеу жариялады. Онда Сабуров жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартатынын айтты. Ол журналистерден, блогерлерден және БАҚ өкілдерінен жеке өміріне құрметпен қарауды сұрады. Ол туралы шу  ресейлік БАҚ оны  50 жылға Ресейге кіруге салған тыйымды жариялағаннан кейін шықты. 

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар