«Жігіті денесін бөлшектеп сөмкеге салған»: Екі ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Фото: КТК
Екі ай бұрын жоғалған 26 жастағы қыздың денесі Алматыдағы Кеңсай зираты маңынан табылды, деп хабарлайды Orda.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Марқұмды өзі жақын араласып келген жігіті өлтірген. 19 жастағы жігіт қызды пәтерде қылқындырып, қылмысын жасыру үшін денесін сөмкеге салып айдалаға апарып тастаған. Жігіт қызға мәжбүрлеп несие де алдырыпты.
Айша Хамит былтыр қараша айында үйінен туған күн кешіне барамын деп шығып кеткен. Бойжеткен сол күйі оралмады. Бірақ қыздың телефонынан туыстары жазған хатқа жауап келіп тұрыпты.
«19 жастағы бала екен, есімі Нұрмахан. Несие алдыртқан, сомасы да үлкен. Екі миллионнан асса керек, біздің білуіміз бойынша. Қайтармаймын дегеннен кейін, Айша «Ата-анама айтамын, полицияға арызданамын» деген. Бұл сол жерде, пәтерде өлтірген», – дейді марқұмның әпкесі Әсия Хамит.
Қыздың туыстарының айтуынша, күдікті жігіт марқұмды алдымен пәтерде буындырып өлтірген. Кейін денесін полиэтиленге орап, сөмкеге салған. Сөйтіп мәйіт салынған сөмкені Кеңсай зираты маңында қарға көміп кетіпті.
Марқұм күдіктімен жазда танысып, содан кейін телефон арқылы сөйлесіп жүрген. Қыздың туыстары бұл қылмысты жігіттің жалғыз өзі жасағанына сенбейді. Қазір жігіт қолға түсті. Қаскөй жасаған қылмысын толығымен мойындады.
«Адам өлтіру дерегі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Болған қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Жаңалықтар
- ІІМ автомектептерге тексеріс барысында 701 оқу тобы қызметін тоқтатты
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Астана қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды
- Көпжылдық сенім қылмысқа ұласты: Жетісу тұрғынының 46 млн теңгеге бағаланған малы ұрланды
- Маңғыстау даласын қоқыс жапты: Аймақ даулы бейнежазбадан кейін тазартылды
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды