«Жібек жолы» кеден бекетінде есірткі заттары тасымалдануда
Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, Түркістан облысы бойынша 2021 жылдың қаңтар және ақпан айында «Жібек жолы» бекетінде төрт бірдей есірткі заттарын алып өтпек болған оқиға тіркелді.
«Жібек жолы» кеден бекетінде департамент қызметкерлері ҚР ҰҚҚ өкілдерімен бірлесе тексеру барысында 1977 жылы туылған Өзбекстан азаматын ұстады. Оқиға 25 қаңтар күні орын алған. Иттердің көмегімен күдіктінің аяғындағы шұлықтарынан айрықша иісі бар өсімдік күдікті зат ретінде алынды.
Ал 8 ақпан күні қызметтік иттің көмегімен 1960 жылы туылған көрші елдің азаматы ұсталды. Оның сырт киімінің қалтасынан полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті иісі бар зат табылған.
Сондай ақ 11 ақпан күні екі бірдей оқиға тіркелді.
1981 жылы туылған Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының тұрғынынан қағазға скотчпен оралған күдікті зат табылса, Тәжікстан Республикасының азаматы іш киіміне жасырынған есірткі затын шекарадан алып өтпекші болған жерінен ұсталды. Полиэтилен пакеттің ішінде ақ қағазға оралған жасыл түсті иісті зат болған.
Жүргізілген сот сараптама жұмыстарының нәтижесінде бұл заттардың бәрі кептірілген марихуана, гашиш секілді есірткі заттар екені анықталды. Қазіргі таңда қылмыстық істер қозғалуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық