Жезқазған маңында «Роскосмос» ұшырған зымыранның бөлігі құлады
Фото: бейнеден кадр
Жезқазғанға жақын ауылға қарасты аумақтағы бір тұрғын әлеуметтік желіде далада жатқан үлкен зымыранның бөлігін бейнежазбаға түсіріп жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бейнежазба авторы оны «зымыранның артқы бөлігі» болуы мүмкін деп болжайды. Ал бір күн бұрын «Роскосмос» Байқоңырдан «Союз МС-28» кемесінің сәтті ұшырылғанын хабарлаған еді. Сондықтан тұрғындар арасында зымыран қалдықтары елді мекендерге қаншалықты жақын құлады және оның қаупі бар ма деген сұрақтар туындады.
Бүгін ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі осы жағдайға қатысты ресми пікір берді. Ведомствоның дерегінше, 27 қарашада сағат 14:27-де (Астана уақыты) зымыран ұшуы жоспар бойынша өткен, ешқандай ақаулар тіркелмеген. Министрлік зымыранның бөлшектері арнайы белгіленген аймақтарға – Ұлытау облысындағы елді мекендерден алыс жерлерге түскенін атап өтті.
«Бұл аумақтарда қазір „Роскосмос“ мамандары, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің экологтары жұмыс жүргізіп жатыр. Олар өлшеп, сынама алып тексеріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, экологияға зиян келді деген дерек жоқ» деп жазылған хабарламада.
Сонымен бірге министрлік «Союз МС-28» зымыраны керосин және сұйық оттекпен жұмыс істейтінін, бұл жанармайдың экологиялық қауіпсіз саналатынын айтты. Құлаған бөлшектерден радиациялық, химиялық немесе биологиялық қауіп анықталмағаны ресми түрде мәлімделді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық