Жезқазғанда ауруханадағы өрттен бір адам қаза тапты
Жезқазғанның орталық ауруханасында болған өрттен 60 жастағы науқас көз жұмды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Жезқазған ауруханасында өрт 3 қарашада болғанымен, алайда болған оқиға бүгін ғана белгілі болды.
Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт аурухананың төртінші қабатындағы палаталардың бірінде пайда болған. Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады.
«Өрт орнында 1961 жылы туған науқастың денесі табылды. Қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда аурухана штаттық режимде жұмыс істейді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы қайтыс болған науқастың туыстары мен жақындарына көңіл айтады» деді ведомствода.
Өңірдің ТЖД баспасөз қызметі де жағдайға түсініктеме берді. Ведомствода өрт туралы хабарлама кезекші пультіне 3 қарашада сағат 11:58-де келіп түскенін айтты. Шақыру орнына 24 адам және 7 бірлік техника жіберілді.
«Палатадағы төртінші қабатта 10 шаршы метр алаңда өрт шықты. Өрт орнынан 1961 жылы туған ер адам табылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 12:21-де сөндірілді. Өрттің себебі мен оның мән-жайы анықталуда» деп толықтырды облыстық ТЖД.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық