Жеткілікті шек туралы ресми емес ақпаратты таратқан қызметкер жауапқа тартылды
Фото: gov.kz
Зейнетақы жинақтарын алудың жеткіліктілігінің шекті мәндерін айқындау әдістемесіне өзгерістер енгізу жоспарланбайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылғы 7 желтоқсанда таратылған баспасөз хабарламасында зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігінің шекті мәндерін белгілеу бойынша қате тұжырым жасалғанын хабарлайды. Осы баспасөз баянын ХҚКО-ның ресми сайтында, аккаунттарында және әлеуметтік желілерде жариялаған қызметкерге қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолданылды» делінген хабарламада.
Еске салсақ, хабарламада Еңбек министрлігі БЖЗҚ есептеген жеткіліктілік шектерінің сенімділігін растай алмайтыны айтылған. Барлық есептеулерді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жүргізді.
Сонымен қатар, әдістеме бекітілгенге дейін (2020 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында) жеткіліктілік шекті мәндері жыл сайын қайта есептелетіні туралы бірнеше рет хабарланғаны айтылды.
«Министрлік зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігінің шекті мәндерін айқындау әдістемесін әзірлеуші болып табылады. 2021 жылғы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша Әдістеменің қолданыстағы нұсқасы қазақстандықтарға қолайлы деңгейде болашақ зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету үшін қажетті өлшемдерге толық сәйкес келетіндіктен, өзгерістер енгізілген жоқ және жоспарланбайды» деді Еңбек министрлігі.
Министрлік 2020 жылы жинақталған зейнетақы қаражатының ең төменгі жеткіліктілігінің шекті мәнін айқындау әдістемесі әзірленіп, ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы қаулысымен бекітілгенін еске салды.
Әдістеме келесі көрсеткіштерді қамтиды:
- БЖЗҚ табыстылығының жылдық пайыздық нормасы;
- БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін индекстеу нормасы;
- ең төменгі зейнетақы мөлшерін индекстеу нормасы;
- жыл сайынғы индекстеу мен ең төменгі жалақы;
- ең төменгі мөлшерде базалық зейнетақыны есептеу үшін индекстеуді ескере отырып, ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері;
- міндетті зейнетақы жарналарының болжамды кезеңділігі;
- зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы және ең жоғары жасы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық