Жетісуда құл саудасымен айналысты деген айыппен қылмыстық іс қозғалды
«Талдықорғандық» Instagram желісінде Өзбекстан азаматының мәлімдемесі бар видео пайда болды.
Вадим Хамраев есімді азамат Жетісу облысының полицейлері ұрып-соғып, құл саудасымен айналысты деп айыптады. Ер адам Қаратал ауданының учаскелік полиция қызметкерлері одан ақша бопсалап, ұрып-соғып, кейін фермада құлдыққа сатып жібергенін айтты. Осы үшін олар «сатып алушыдан» 6 қошқар мен 200 мың теңге алған.
— Әйелім мен қайын атама мені депортациялады деп айтты. Ал мен мал бағатын фазендада болдым. Кеше қашып кеттмі. Менің екі балам бар. Шаршадым. Мен барлығына көмектесемін, пешті жағамын, бау-бақша қазамын. Олар мені күнде қорлайды, өлтіреміз деп қорқытады. Осы қиын жағдайдан шығуыма көмектесіңізші. Өтінемін, құрметті Президент!, - деп сұрады шетелдік.
Содан кейін ер адамның денесінде ұрып-соғу белгілері мен тыртықтар байқалған. Бейнежазбаның астында полицияның пікірі жазылған. Олардың айтуынша, іс қазірдің өзінде тергелуде.
«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігімен (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) көзделген қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Сотқа дейінгі тергеуді ішкі қауіпсіздік басқармасы жүргізіп жатыр. 38 жастағы шетел азаматы болып шыққан видеохабарлама авторы табылып, сұхбат жүргізілді. Аталмыш факті бойынша тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды» деп хабарлады Жетісу полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық