Жетісуда бағдарламашы, экс-полицей және медбике жалған медициналық құжаттар сатқан
Бейнежазбадан скриншот
Прокуратураның үйлестіруімен Жетісу полициясы Талдықорған қаласының үш тұрғынын ұстады, олар ұзақ уақыт бойы әртүрлі өңірлердегі емдеу мекемелері қызметкерлеріне біліктілігін арттырғаны туралы жалған сертификаттар сатып келген.
Медициналық анықтамалар медициналық қызметті жүзеге асыруға және клиникалық практикаға жіберуге (мамандығы бойынша науқастармен жұмыс істеуге) құқық береді және біліктілік санатын береді.

Аталған медициналық құжаттарды қолдан жасап, сатуға облыстық денсаулық сақтау басқармасы бағдарламашыларының бірі, бұрынғы тәртіп сақшысы және жеке медициналық орталықтың медбикесі қатысқан.
«Күдіктілердің жұмыс және тұрғылықты жерін тінту кезінде әртүрлі атпен толтырылған әртүрлі оқу орындары мен медициналық мекемелердің 300-ге жуық біліктілік куәліктері, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекетін дәлелдейтін басқа да заттар табылды. Заңсыз әрекеттері үшін ақшалай сыйақылар еліміздің әр өңірінен карталарға аудару арқылы жүзеге асырылған. Қазіргі уақытта ұсталғандар кінәсін мойындады, тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Жетісу облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Сарқытбай Құсайынов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық