Жетісу облысындағы өртті Қазақстан мен Қытай бірлесіп сөндірді – ТЖД
Дереккөз: kris_p_tdk
Жетісу облысының Алакөл ауданында 500 гектардан астам орман өртеніп жатыр, өрттің бір бөлігін Қытай сөндірді.
9 қыркүйек күні сағат 15:00-де өрт орнына Абай ауданынан қосымша Ми-8 ұшағы барды. Желдің жылдамдығы секундына 28-30 метрге дейін күшейгенімен, бағыты шығыстан батысқа қарай Үшарал-Достық тас жолына қарай өзгерді.
Құтқарушылардың айтуынша, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті жағдайдың бақылауда екенін айтады. Өртті сөндіруге барлығы екі Ми-8 тікұшағы, 17 техника мен 183 адам жұмылдырылды.
Өрт 8 қыркүйек күні сағат 04:30-да Алакөл ауданы орман шаруашылығына қарасты «Достық» стансасы маңындағы Кендір сақал учаскесінде басталған.
Өртке қарсы жедел күреске таулы және қол жетімсіз аумақтар кедергі келтірді, оның ішінде екпіні секундына 25 метрге жеткен қатты жел жағдайды ушықтырды. Жағдай мен өрт ауқымын әуеден бағалау үшін өрт аймағына Алматыдан су айдағыш құрылғысы бар тікұшақ пен Ми-8 жіберілді.
«Ұшу нәтижесінде өрттің үш жақты таралуы және өрттің шығысқа - Қытайға қарай жылжып бара жатқаны анықталды. Көрші мемлекетке өрттің өз аумағына өтуі мүмкін екені ескертілді. Күндізгі уақытта тікұшақпен негізгі тұтану ошағына төрт рет су жүргізілді, бірақ қатты жел салдарынан бұл айтарлықтай нәтиже бермеді» деп хабарлады Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Түнгі уақытта қауіпсіздік нұсқаулығына сәйкес барлық жұмыстар тоқтатылды. Жергілікті атқарушы органдар жеке құрамды ауыз сумен, азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Қыркүйектің 8-нен 9-на қараған түні өрттің шарықтау шегі Қытай аумағына жетіп, көрші мемлекеттің күштері мен құралдары арқылы сөндірілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық