Жетісу облысында полиция қызметкерлері жаппай жұмыстан кетіп жатыр
Сурет: Orda.kz
Жетісу облысында полиция қызметкерлері жұмыс кестесінің ауырлығына байланысты жұмыстан кетті.
Жетісу облысы Ақсу ауданында патрульдік полиция инспекторларының тұтас бір тобы өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған. Оларды жаңа ауысым кестесі қанағаттандырмады.
Мұрат Ердәулетұлы, Дәурен Қанатбаев, Қайрат Сейітбаев және Рауан Рысбеков атты төрт полиция қызметкері Orda.kz. сайтына жұмыс жағдайының адам төзгісіз болып кеткенін айтты. Жаңа кесте бойынша олар 24 сағат жұмыс істеп, сегіз сағат демалып, кезекшілікке оралуы тиіс.
Олар билікке наразылықтарын білдірді, айтуынша, олар ешқандай реакция жасамаған. Сондықтан кеше, 6 мамырда сағат 21:30-да төртеуі де жұмыстан шығу туралы арыздарын жазып, қызметтік куәліктерін Ақсу аудандық полиция бөлімі кадр қызметі инспекторының міндетін атқарушы Фаррух Тұрсынбековке тапсырды.
Алайда, мамырдың 7-сі күні таңертең төрт арыздың да жоғалып кеткені белгілі болды, оны жазған қызметкерлерге келеңсіз себептермен, оның ішінде жұмысқа келмеулеріне байланысты жұмыстан шығарамыз деп қорқытқан.
Басқармада не болып жатқанын Orda.kz. тілшісі Ақсу аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ернар Шербаевтан білуге тырысты.
– Сіз полиция қызметкерлерінің төрт куәлігі де жоқ деп айтасыз ба? Бұл жанжал ма? - деп сұрады Orda.kz. тілшісі.
– Жоқ, Тұрсынбеков қызметтік куәлігін сақтап қалды! - деп жауап берді Шербаев.
«Алайда, қызметтік күәліктер қалып, бірақ арыздар қалай жоғалып кетті?» деген сұраққа полиция бөлімшесінің бастығы жауап бермей, телефонды қойып, одан кейінгі қоңырауларға жауап бермеді.
Облыстық департаменттегі жанжал Жетісу облыстық ішкі істер басқармасына дейін жетті. Істі тексеру үшін жергілікті полиция қызметінің Жетісу облысы бойынша орынбасары Олжас Отаров пен Жетісу облысы бойынша ДПД жеке құраммен жұмыс инспекциясының қызметкері Мұратхан Маркс аудандық полицияға аттанды.
Біз оқиғаның қалай өрбитінін бақылап отыратын боламыз.
Авторы: Алдияр Әшім, Жетісу облысы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық