Жетісуда зорлады деп жалған айып тағып, ақша бопсалаған қыздар ұсталды
Фото: Envanto
Жетісу облысында үш қыз «Друг Вокруг» мобильді қосымшасы арқылы ер адаммен танысып, оны өздері тұрған пәтерге шақырған, деп хабарлайды Orda.kz.
Қыздар ер адамды «зорлады деп жала жабамыз немесе 800 мың теңге төлейсің» деп бопсалаған. Бұл қылмыстық топтың мүшелері полиция қызметкерлері тарапынан ұсталды
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Б. есімді азамат «Друг Вокруг» мобильді қосымшасы арқылы А. есімді қызбен танысқан. Хат алмасу барысында А. оны өз үйіне шақырған. Алайда көрсетілген мекенжайға келгенде, пәтерде тағы екі бейтаныс қыз болған.
Біраз уақыттан кейін қыздардың бірі оны басқа бөлмеге шақырып, жеке қалуды ұсынған. Ер адам мен қыз бөлмеге кіріп, шешіне бастаған сәтте, кенеттен екі қыз ішке баса-көктеп кіріп, айқайлап, оны кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды деп айыптаған.
Алаяқтар ер адамға екі таңдау жасаған: 800 мың теңге беру немесе полицияға арыз жазамыз. Кепілдік ретінде оның жеке куәлігін, техникалық паспортын және жүргізуші куәлігін алып, толық соманы алғаннан кейін қайтаратынын айтқан.
Күдіктілердің қысымынан сескенген ер адам екі рет 50 мың теңгеден берген. Алайда 30 мың теңгені беру сәтінде күдіктілер полиция қызметкерлері тарапынан ұсталған.
Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қылмысқа қатысы бар басқа да адамдардың бар-жоғын тексеруде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық