Жетісуда құрылыс материалдарын шығаратын жаңа 5 зауыт салынады
Алматы облысында алдағы 2 жылда «Самұрық Қазына Construction» АҚ-ның қатысуымен құрылыс материалдарын өндіретін 5 зауыт салынады, оның 2-еуі Талдықорғанда болады.
Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Orda.kz. хабарлады.
Өңірге 25 млрд теңге инвестиция тартылып, 600-дей тұрақты жұмыс орны құрылады. Жобаны іске асыру барысы облыс әкімі Амандық Баталовтың «Самұрық Қазына Construction» АҚ басшылығымен кездесуінде талқыланды.
Енді Жетісу өңірінде минералды жылытқыштар, газбетонды блоктар, қасбет плиталары, керамикалық кірпіштер, есік блоктары және ламинатталған еден плиталары өндірілетін болады. Бұл сұранысқа ие құрылыс материалдары бағасының төмендеуіне, отандық нарықты бәсекеге қабілетті жергілікті өнімдермен толықтыруға, сонымен қатар импорт алмасу мәселесінің оң шешілуіне ықпал етпек.
Болашақ зауыттар жылына 7 мың тонна минералдық жылытқыш, 60 мың текше метр газды блоктар, 2 млн шаршы метр ламинатталған еден плиталары, 1,5 млн шаршы метр қасбетке арналған фиброцемент плиталарын шығарады деп жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық