Жетісу өңірінде жүгері дақылы шіріп жатыр
Жетісу өңірінде диқандарға жүгері өнімін сақтайтын жер жетіспейді, оны өткізуде де қиындықтар жетерлік.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қалыптасқан жағдайға жергілікті билікті кінәлап отыр, деп хабарлайды Orda.kz «Атамекен» ҰКП-на сілтеме жасап.
Жүгері өнімін тасымалдауда күрделі қиындықтарға тап болған диқандар ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановпен кездесуде осы мәселені көтерді.
«Біз астық алдық, ылғалдылық жоғары болғандықтан, жүгері шіріп кетті, оны сақтайтын жер болмады. Біз нарыққа шыға алмадық, бұл фермердің кінәсі емес. Мысалы, бірде-бір ресейлік фермер Қытайға немесе Өзбекстанға жүгері сатуға шапқылаған жоқ. Осының барлығын мемлекеттік органдары жасады - келісіп, бәрін қамтамасыз етіп, шешіп берді. Біздің шенеуніктер неге солай істемейді? Бүгінгі таңда көбісі осыны пайдаланып, бағаны түсіріп жіберді. Қоймада құрғақ жүгері жоқ. Біз арзандатылған бағамен сатсақ, шығынға батамыз. Өнімі шіріп кеткендерге мемлекеттен қандай көмек бар?» деген шаруалар талабын «Квитко» шаруа қожалығының басшысы Александр жеткізді.
Азат Сұлтанов бұл мәселені республикалық деңгейде көтеруге уәде берді.
«Барлық ұсыныстарды қарастырайық, біз кәсіпкерлерді қолдауға дайынбыз», - деді вице-министр.
Кездесуде жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
«Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, Жетісу өңіріндегі өнімді жем-шөп қоры тапшы басқа өңірлермен келіссөздер арқылы мыңдаған тонна жүгері өнімдерін өткізу шараларын нақтылау қажет» деп атап өтті «Атамекен» ҰКП.
Қазір облыста өндірілген жүгерінің басым бөлігі қоймада болса, бір бөлігі егістікте қар астында қалған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық