Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
Сурет: Gov.kz
Бюджеттік қаражаттың 60 пайыздан астамы әлеуметтік салаға бағытталады
Жетісу облысы мәслихатының кезекті сессиясында 2024-2026 жылдарға арналған бекітіліген бюджеті 1,5 триллион теңге болды. Оның 506,6 миллиард теңгесі 2024 жылға арналған облыстық бюджет. Бюджеттік қаражаттың басым бөлігі (60,2%) әлеуметтік салаға бағытталады, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Бүгінгі сессияға дейін облыс бюджетінің жобасы облыстық мәслихаттың жұмыс тобы мен тұрақты комиссия отырыстарында бірнеше рет қаралып, депутаттардың ұсыныстары мен ескертпелерін ескере отырып пысықталды. Әрбір сала бойынша бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде бірінші кезекте қаржының тиімді және мақсатты жұмсалуына баса назар аударылды», - деді облыстық мәслихаттың төрайымы Гүлнәр Тойлыбаева.
Облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов білім саласына 204,4 млрд теңге, оның 121,6 млн теңгесі шалғай ауылдардағы 68 мектепті Starlink желісіне қосуға, 18,3 млрд теңге денсаулық сақтау, әлеуметтік салаға бағытталу жоспарланғанын айтты. қауіпсіздікке – 32,6 млрд теңге, мәдениетке – 14,7 млрд теңге және спортқа – 27,2 млрд теңге бөлу жоспарланып отырғанын айтты. Сондай-ақ, қолжетімді тұрғын үй құрылысына 6,3 млрд теңге, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алуға тағы 3,3 млрд теңге бөлінді.
«Ауыл шаруашылығы саласында 2024 жылға арналған бюджетте шаруа қожалықтарын субсидиялауға 22,2 млрд теңге қарастырылған. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға республикалық бюджеттен қосымша 10,5 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарына жылдық 2,5 пайызбен шағын несие беруге 3,5 млрд бар. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ірі жобаларға жеңілдетілген несие беруге 7 млрд теңге бөлінді», - деді Әсет Қанағатов.
Үздіксіз сумен, жылумен және газбен қамтамасыз ету, жергілікті автомобиль жолдары желісін жөндеу және қайта жаңарту, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық тәртібін сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шаралары басым бағыт болып қала береді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық