Жетісу облысындағы сарбаз өлімі: ықтимал себептер айтылды
Фото: freepik.com
Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мереке Көшекбаев Сарыөзекте сарбаздың қаза болуының ықтимал себебін атады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас қолбасшының мәліметінше, сарбаз өліміне басшылық кінәлі болуы мүмкін.
«Өлімнің себебі қолбасшылықтың бағынышты жеке құраммен бірге жасаған жұмысындағы олқылықтар болуы мүмкін. Олар әскери қызмет жағдайына бейімделу аясында Дастанның тәжірибесін уақытында анықтай алмаған», - деді Көшекбаев.
Сондай-ақ құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы трагедияға дейінгі болған кейбір мәліметтерді айтты.
«Қатардағы жауынгер Құрманбек Дастанмен бөлім командирі жеке әңгімелескен. 12 қаңтарда сарбаздың ата-анасы келген. Күні бойы Дастан ата-анасымен бірге болған. Кездесуден кейін Дастан мен оның ата-анасы әскери бөлімнің басшылығына және құқық қорғау органдарына сұрақтармен жүгінбеді. Сарбаздың әскери ұжыммен, офицерлермен, сержанттармен қарым-қатынасында ешқандай мәселе болмаған», деп сендірді Көшекбаев.
Еске салайық, 14 қаңтарда Сарыөзек гарнизонында далалық оқу-жаттығу кезінде әскери қызметші жүрегіне оқ атып, мерт болды.
Жаңалықтар
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді
- Алматыда аялдамада белгісіз адам зейнеткерді есінен танғанша ұрды
- Зеленский: Украина Таяу Шығыс елдерімен бірге ұшқышсыз ұшатын аппарат шығарады
- Блогер Руслан Жанпейісов полицияға бағынбау ісі бойынша ақталды
- Президент БҰҰ-ның жоғары өкілдер тобымен кездесті, Оман премьер-министрі орынбасарын марапаттады
- Кентауды нөсер жаңбырдан кейін су басты
- Иранның мұрагер ханзадасына Берлинде шабуыл жасалды
- Абай облысында мектеп есепшісі өзіне екі еселенген жалақы алып отырған
- Қазақстанда жыл басталғалы көршілес елдерден қашып келген 51 қылмыскер құрықталды
- Дер кезінде полиция шақырған балалар аналарын құтқарып қалды
- «Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
- Air Astana Дубайға рейстердің тоқтатылуын мамыр айының соңына дейін ұзартты
- Ақын Серікбай Әбілмәжін көз жұмды
- Қазақстанға дәрілік заттардың айналымын реттеу саласын жетілдіру бойынша 3-ші деңгей берілді — ДДСҰ бас директоры
- Мұхтар Шаханов ұрпақтарының есімдері нені білдіреді? Келіні сыр шертті
- «Центр плова Loft» кафесіндегі жарылыс: Тағы екі күдікті ұсталды