Жетісу облысында анасы екі миллион теңгеге балаларын сатып жіберген
Жетісу облысы полицейлері екі баласын екі миллион теңгеге сатқан әйелді ұстады.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек хабарлады.
23 жастағы ана делдалдар арқылы сатып алушыларды іздеген. Ол әлі бір жасқа да толмаған бірінші баласын 2022 жылдың қазан айында сатқан. Екіншісін туа сала осы жылдың тамыз айында сатқан. Әйел әр сәби үшін миллион теңге сұраған.
«Облыстық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бала саудасымен айналысқан Жетісу ауданының тұрғынын ұстады, фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы «Кәмелетке толмағандарды саудалау» бойынша тіркелді»,- деді Тұрлыбек.
Ол сондай-ақ «STOP Трафик» ауқымды операциясы аясында Қазақстанда адам саудасына қатысты барлығы 30 қылмыс анықталғанын, оның үшеуі балаларды сатуға қатысты екенін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық