Жетісу облысында ағыс алып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр
Фото: ТЖД Жетісу
Қайғылы оқиға 10 мамыр күні Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы Көксу өзенінде болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде ер адамның тартылған темір арқан арқылы өзеннен өтпек болған сәті түскен бейнежазба тарап жатыр. Жігіт арқанның ортасына жеткенде тепе-теңдігін жоғалтып, өзенге құлап кетеді. Ер адамды қатты ағыс алып кеткенін полиция растады. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам тартылған арқанмен өзеннен өтпек болғанда құлап кетіп, қатты ағысқа батып кеткен. Оқиға орнына полиция, әскерилер, құтқарушылар, басқа да мекемелер мен еріктілер жұмылдырылып, ауқымды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Құтқару операциясы әлі жалғасып жатыр», деп хабарлады полиция департаменті.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) іздестіру жұмыстары жайлы былай деді:
«11 мамыр күні таңғы сағат 06:30-дан бастап ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Оған ТЖД қызметкерлері, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар, полиция, әскери полиция және Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері жұмылдырылды», деп айтылған хабарламада.
Іздеуге 98 адам және 22 техника, соның ішінде жүзу құралдары, дрондар мен спутниктік байланыс тартылды. Сол күні сегіз топ өзен жағалауын 35 шақырымға дейінгі аумақта тінтіп шықты, бірақ нәтиже болған жоқ. 12 мамырда іздеу жұмыстары қайта жалғасады. Белгілі болғандай, жоғалған азамат 1989 жылы туған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық