Жетісу облысында 11 млн-ға көлігін сатқан жігітті ұры тонап кетті
Фото: Бейнеден кадр
Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында көлігін 11 млн теңгеге сатқан жігіт басқа көлігімен келе жатып, ұрыға тап болып, бар ақшасынан айырылып қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жетісу облыстық ПД мәліметінше, оқиға 11 қаңтар күні болған. Көлігін сатқаннан кейін ер адам ақшасын пакетке салып, оны «Мерседес» маркалы автокөлігінің жүксалғышына қойған. Сол күні кешке танысымен кездесуге мейрамханаға барған. Мейрамханадан шыққан соң жүксалғыштағы ақшаны тексермек болады. Жүксалғышты ашқан кезде, бірнеше купюра жерге шашылып, жақын маңда тұрған жастардың назарын аудартқан.
Жастардың «Бұл ақша ма?» деп сұрағанда, ер адам күдіктенбестен, «иә» деп жауап берген. Екінші жас жігіт такси таба алмай жүргенін айтып, оларды мейрамханалардың біріне жеткізіп салуын өтінген. Ер адам жаман ойсыз келісіп, жастарды көлігіне отырғызған.
«Жолда автокөлікті тексеру үшін жол қозғалысының алдын алу шаралары аясында рейдтік іс-шара жүргізіп жатқан патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатады. Ер адам полицейлерге шығып, оның артынан жолаушылардың бірі де көліктен түседі. Тексеру шамамен 10 минутқа созылып, көлікке қайта оралғанда, екінші жолаушының жоғалып кеткенін және ақшасы бар пакеттің де жүксалғышта жоқ екенін байқаған. Ер адам дереу Алакөл ауданының полиция бөліміне арызданған. Полицейлер жедел әрекет етіп, іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды. Көп ұзамай күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол 24 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр» деп жазылған облыстық ПД хабарламасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық