Жетісайда қой айдап кеткен ер адам ізім-ғайып жоғалып кетті
Фото: Бейнеден кадр
Түркістан облысы Жетісай ауданында 38 жастағы Мақсат Атабаев 25 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Мақсат Атабаевтың анасы Бибісара Жәнібекованың айтуынша, жалғыз ұлы Шардараға қой айдап кетіп, сол күйі жоғалып кеткен. Ол соңғы рет анасымен 2 тамыз күні хәл-жай сұрасқан. Кейін Мақсаттан хабар үзілген. Бибісара Жәнібекова ұлын әлдекімдер күшпен құлдықта ұстап отыр деп күдіктенеді. Сонымен қатар бұл іске оның досының қатысы болуы мүмкін деп топшылайды.
«Күнде жолына қарап тілеп отырмын. Құдайдан үміті болса, жүрегінде иманы болса, кім ұстап отырса да, оның да бала-шағасы бар ғой, жіберсе қайтеді?!», — дейді Мақсаттың анасы.
Мақсат Атабаевтың тұрақты жұмысы болмаған. Шыққан жұмысты істеп, нәпақа тауып жүрген ол жалғыз анасымен бірге өмір сүрген.
Айта кетейік, тамыз айының басында Түркістан облысында 90 жыл бұрын салынған мәдениет үйі өртеніп кетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық