Жетісайда әйелін ұрып өлтірген адамның ісін сот қарай бастады
Фото: ашық дереккөзден
Түркістан облысы Жетісай аудандық соты әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынған 32 жастағы Айбек Айкөзовтің ісін қарай бастады. Марқұмның туыстары соттан оған қатаң жаза беруді сұрайды.
Сот кабинеті жүйесіндегі мәліметке қарағанда, Айкөзов Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен (106-бап) күдікке ілінген. Ол Шымкенттегі Сәуле ықшам ауданында орналасқан ИЧ-167/11 түзеу мекемесінде қамауда жатыр.
Істі судья Марат Күздеубаев қарауда.
Айбек Айкөзовтің адвокаты Исақожа Айдардың айтуынша, оқиға маусым айында өз үйінде болған. Түнде ішімдік ішіп келген Айкөзов әйелі Әйгерім Айкөзованы ұрып-соққан. Ауыр соққыдан жарақат алған әйел аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне түсіп, бір аптадан соң есін жинай алмай қайтыс болған.
«Марқұмның туыстары істі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен емес, «Адам өлтіру» бабымен қарауды талап етіп отыр» деді адвокат.
Айбек пен Айгерімнің ортақ үш баласы бар.
Айбек Айкөзовтің тағылған айыппен келісетіні, не келіспейтіні белгісіз.
Марқұмның інісі, сотта заңды өкілі деп танылған Нұрбек Айтмағамбетовтан пікір алу мүмкін болмады.
Бұған дейін Түркістан облысы Ордабасы ауданында ер адам балаларының көзінше әйелін ұрып өлтірген. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылан ауданаралық соты оны 17 жылға бас бостандығынан айырған.
Авторы: Дилара Иса, Шымкент
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық