Жетімнің жүрегін жетім түсінеді: 24 баланы асырап алған ата-ана мейірімі
Фото: Instagram парақшасынан
Ақтөбелік Өмірхан мен Амангүл Жетесовтердің отбасында 28 бала бар. Оның 24-ін балалар үйінен асырап алған. Orda.kz тілшісі әке-шешесіз қалған балаларды бауырына басқан Жетесов Өмірхан мен жұбайы Амангүл Жетесовамен тілдесті.
Жетесов Өмірхан 1968 жылы дүниеге келген, анасынан алты жасында айырылады. Өгей анасы болғандықтан Өмірхан балалық шағының көп уақытын интернатта өткізді. Өмірхан бала кезден жыр жазып өнер жолына жақын болып өстті.
«Мен анамнан 6 жасымда айырылып қалдым. Өгей анам болды. Көп уақытымды интернатта өткіздім. Бала кезден жыр жаттап өстім. Мал бағып, далада қалған кезім болды. Малдың соңында жүріп жаттаған жырларым халықтың алдына шықты. Көптеген байқауларда орын алдым. Мен балаларыма айтып отырамын «жырды жақсы көрсең тез жатталады» деп. Жыршы болып жүрген кезімде асабалықты да қатар алып жүрдім. Ақтөбе қаласында Үміт жетім балалар үйіне концерт қоюға барған кезімізде бір кішкентай бала әке деп маған жабыса кетті. Келіншегім мынау сенің балаң ғой деп әзілдеді. Өзімнің 3 қыз 1 ұлым бар сол жалғыз ұлыма серік болсын деп 1 ұл асырап алдық», - деді Өмірхан.
Осы ұлды асырап алуға барғанда жанынан кішкентай қызды байқап қалады. Сол жерде осы қызды Америка азаматтары асырап алуға өтініш бергенін естіп қалып, намыстары оянып сол қызды да асырап алады.
«Біз асырап алу құжаттарымен жүгіріп жүрген кезде жетімдер үйінен 13 жасар қыз бізге жаза бастады «осы балаларыңызға әпке болайын мені де асырап алыңызшы» деп сөйтіп 3 баланы алып кеттік», - деді отағасы.
Өмірхан осы үш баланы асырап алған кезде жүрегінде қорқыныш болғанын жасырмады. Ағайын - туыс, дос - жаран теріс пікір айтса да, Өмірхан тәуекелге бел буып, жүрегін тыңдап, балаларды асырап алуға бекінді.
«Осы асырап алған балаларымыз бауыр етіміз болып жабысты. Менің жұбайым да жетім өскен, балаларды түсінеді. Өнер адамы болғандықтан ансамбьл құрсақ деген жоспарымыз бар еді. Әкімшіліктен ұсыныс түсті, сөйтіп тағы 8 баланы асып алдық. Біз балаларды өнерге тәрбиелей бастадық. Себебі өнерлі бала ешқашан жаман жолға түспейді. Жамандыққа жоламайды және өнер баланың жүрегін жұмсартады», - дейді Өмірхан.
Өмірхан мырза осыншама баланы қалай асырап алдыңыз деген сұраққа «әйелің дұрыс болсын» деп жауап берді.
Үйге келгенде алдымнан әке деп жүгіріп шыққанда бақыттан басым айналады
Осы балаларды асырап алған осы отбасыға мемлекеттен 30 мың теңгеден төленеді. Киімі, тамағы барлық шығыны соның ішінде. Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы бір айға бір баланың шығынына 30 мың теңге жете ме? Біз осы сұрақты Өмірбек мырзаға қойғанымызда, әрине «жоқ» деп жауап берді.
«Бізге көбіне қара халық көмектеседі. Біреуі келіп азық-түлігін әперіп кетеді. Біреуі ет әкеліп тастайды. Қой егіз туса, бір түп жусан артық шығады деген қазақтың мақалы дұрыс айтылады. Әр баланың өзінің несібесі бар», - дейді Өмірхан.
Отағасы Өмірхан Жетесов – қарапайым такси жүргізуші, арасында той басқарып асабалық қызмет атқарады, ал Амангүл 35 жыл шығармашылық саласында еңбек еткен. Олар балаларды Ақтөбе облысындағы Алға ауданынының орталығындағы балалар үйінен алған.

«Сөйтіп уақыт өте келе бір үйдің 3 баласы жетім қалды деп хабарласы ол балаларды да асырап алдық. Сөйтіп жетім қалған 24 баланы асырап алыппыз».
Қазіргі таңда Өмірхан мырза мен Амангүл ханымның немерелері бар. Балалардың алды үйленіп отбасы құрып, әскерге кетіп, бірі жоғарғы оқу орындарына түсіп жатыр. Жетесовтердің бауырға басқан балаларының үлкені 30 жаста. Күйеуге шығып, екі балалы болды. 25 баланың ең кішісі бес жаста. Бұл өнерлі отбасы осы балалардан «ШАШУ» деген ансамбль құрып, түрлі байқаулардан жүлделі орын алып жүр.
Қазіргі таңда Өмірхан мырза мен Амангүл ханымның немерелері бар. Балалардың алды үйленіп отбасы құрып, әскерге кетіп, бірі жоғарғы оқу орындарына түсіп жатыр. Жетесовтердің бауырға басқан балаларының үлкені 30 жаста. Күйеуге шығып, екі балалы болды. 25 баланың ең кішісі бес жаста. Бұл өнерлі отбасы осы балалардан «ШАШУ» деген ансамбль құрып, түрлі байқаулардан жүлделі орын алуда.
«Әр балаға мемлекет тарапынан төленетін ай сайынғы ақша сол баланы бір ай асырауға жетпейді. Бірақ мемлекетті бұған кінәлауға болмайды. Баланы алсақ өзіміз үшін алдық. Негізі балаларға ең бірінші мейірім керек. Бізге былайғы жұрт көп көмектеседі. Азық-түлік, киім-кешек, оқу құралдарын береді. Негізі карантиннен кейін көмек өте көп болды. 2019 жылға дейін өзіміз бақтық. Алтындарымды ломбардқа өткізіп, кредитке белшемізден кірдік. Карантиннен кейін халық тым мейірімді болып кетті, сауапты іс істегісі келетіндер көбейд», - дейді Амангүл Жетесова.
Өмірбек мырза ата-аналары тірі балаларды ата-аналарымен кездестіріп араласып тұруларына қарсы еместігін айтты.
«25 баламның сегізі тұл жетім, ата-анасы жоқ. Қалған баланың әке-шешесі бар. Менде жалпы 5 отбасының баласы бар. Біз бауырларынан бөлмей, бәрін бірге аламыз. Толық жетім емес 17 баланың бәрінің бірдей ата-анасы ішімдікке салынып, не болмаса нашақор болып кетпеген. Бәрінің анасын білемін, кездестім. Өйткені бауырыма басқан балаларым туған анасын білсін, аралассын деп ойладым», - дейді Амангүл.
Кейбір балалардың анасы үлкен қызметте істейді
Балалар үйінен алынған 24 баланың кейбірінің анасы атақты компанияда есепші, кейбір баланың анасы тіпті лауазымды педагог.
«Менің бір қызымды туған анасы 15 жасында босанған. Анасы ішін байлап тастап, қыз мүгедек болып туған. Сөйтіп балалар үйіне тапсырған. Мен ол қызды 12 жасында бағып алдым. Бізге келгенде бір аяқ, бір қолы істемеген. Қазір музыкалық аспапта ойнайды, қызым сондай ақылды. Қазір жасы 22-де, филармонияда жұмыс істейді. Осы қызымның әкесі де, шешесі де бар. Үлкен компанияда есепші. Олар "Бізде шаруаларың болмасын, аулақ жүріңдер" деді. Сондай-ақ, Айгүл деген қызымның да әкесі-шешесі бар. Анасы мектепте оқу-ісінің меңгерушісі. Айгүлді анасымен сөйлестірдім. Анасы 2-3 рет сөйлесті, сосын хабарласпай кетті, жоламады да», - дейді Амангүл Жетесова.
Orda.kz тілшісі Өмірхан мырза мен Амангүл ханым балаларына Қазақстанда нөмірі бірінші деп танылған аспап жасайтын Тұрдығұлов Жолаушыдан домбыра алып беріп жатқанына куә болып, балалардың өнерін тамашалап, өнерпаз балалармен тілдесіп қайтты.
Жаңалықтар
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады