«Жетімін жылатпаған қазақ»: Қонаевтағы балалар үйінің жағдайы қалай?
Коллаж: Orda.kz
Алматы қаласының Бағанашыл ықшам ауданында орналасқан №1 балалар үйінің балалары наразылық танытып Тоқаевқа үндеу жолдаса да Қонаев қаласына көшірілетін болды. Бұл туралы мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзінің Facebook парақшасына жариялаған болатын. Ал бейкүнә балалар Қонаев қаласына көшірілетін болса, қандай жағдайда өмір сүреді?
Orda.kz тілшілері арнайы Қонаев қаласына барып, балалардың қандай жерде тұрып, немен айналысатындарын көріп қайтты.
Әкімдік БАҚ өкілдерін шақырып, жаңадан салынған балалар үйіне экскурсия жүргізді. Ол 3 қабатты ғимараттан тұрады. 2 мен 3 қабатта балалардың жатын бөлмелері, жұмыскерлерге арналған жатын бөлмелері, әр қабатта 2-3 жуыну бөлмелері, ойын құрылғылары және Wi-fi да жалғанған.








Жалпы жаңадан салынған балалар үйінде не керектің бәрі бар. Асхана, стоматология, балалар үйірмесі (музыкалық аспаптар, ән, аспаздық және т.б), шаштараз, даладағы ойын алаңдары.
«Биыл, 9 шілде күні Алматы облысының қарасты болып, қолданысқа беріліп отыр. Өздеріңіз көргендей барлық жағдай жасалған. Ең біріншіден балалардың сапалы білім алуына керемет жағдай, заманауи құрал-жабдықтар қарастырылған», – деді Алматы облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары Ақмарал Бақытқызы.


Ақмаралдың айтуынша, ғимаратта 180 орын бар. Оған келетін балалардың саны 171. Ал балалардың оқитын жері №10 қазақ тілді мектеп-лицейі, №5 мен №3 және орыс тілді бөлімінде білім алатын Шоқан Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы болады. Балаларды мектепке таситын арнайы автобус болады.
«Бағанашылда орналасқан балалар үйінде олар Алматы қаласына тіркеліп тұр. Ол жерде оларға болашақта үй алу қиынға соғады. Сондай-ақ оларды медициналық әртүрлі қызметтерге де тіркеу қиындықтар туғызған болатын. Қазір балаларды кезең-кезеңмен көшірген кезде, олар облыс орталығынан үй алу үшін кезекке тұра алады».
Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, балалар тамыз айының соңына дейін көшіріледі. Алдымен 43 бала «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан» көшіріледі, кейін мектепке дейінгі 17 бала, қалған 110 баланы асықпай көшіргелі жатыр. Ғимараттың жалпы ауданы 3900 шаршы метр.
Батпақтың үсті мен қабаған иттер
Orda.kz тілшілері экскурсияға дейін балалар үйіне ерте келіп, жарты жылда салынып біткен ғимарат орналасқан аумақты толық барлап шықты. Алдымен ғимаратты салу үшін жерге құм төселген. Жанында батпақтың суынан өскен шамамен 2-2,5 метр қамыстар бар.



«Бұл жерде ешқандай батпақ жоқ. Бұл 10-шағын ауданында көптеген құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, бұл жерде даму бар. Ал қамыс өсіп тұрған жер батпақ емес, су қоймалары», – деді Ақмарал Бақытқызы.
Балалар үйінің айналасынан жағымсыз, сасық иістер мен өріп жүрген қабаған иттерді де кездестіруге болады.
«Балалар қазір қауіпті ғимараттарда тұрып жатыр. Ол апатты деп танылған. 9-11 сыныптардың арасында тек 20 түлек қана бар. Біз оларды ескі ғимаратта қалдырып, қалғанын көшіре алмаймыз. Ал ескі ғимаратта біз заң аясында ескі жер телімін Алматы қаласының әкімдігіне өткіземіз. Әрі қарай не істеу керек екенін әкімдік өзі шешеді», – деді Алматы облысы білім басқармасының «қорғаншыл, қамқоршыл және тәрбие беру бөлімінің» басшысы Ізбасар Айжан.
Айжанның сөзінше, балалар ескі орынға қатты бауыр басып қалғандықтан, Қонаев қаласына көшкісі келмейді.
Әкімдіктің қарамағына өтетін балалар үйі
Экскурсия біткеннен кейін БАҚ өкілдері мен әкімдік қызметкерлері ескі балалар үйіне барып, жағдайын көріп қайтты.
Балалар үйінің тәрбишесінің айтуынша, әкімдіктен ешқандай да көмек келмеген, барлық дүниені серіктестер арқылы алады.
«Жер сілкінісі болған кезде де ешқандай жарықшақ болған жоқ. Сіздер қазір ғимаратты толық тексерсеңіздер де, ешқандай да жарықшақ таба алмайсыздар», – деді балалар үйінің тәрбиешісі.
Балаларға жаңа үйді көрсетуге тырысқанымен, олар Қонаев қаласына барудан бас тартты.
«Мен өз басым Қонаев қаласына барып, салынып жатқан жаңа ғимаратты көрдім. Олардың бригадирімен де ғимаратты қалай салып жатқанын сұрағанда, бригадирдің өзі маған: «Інішек, сөздің ашығы жағдайларың қиын, біз сендерге қауіп төнбес үшін қолымыздан келгенінің бәрін жасаймыз» деп қысқасынан қайырды», – деді балалар үйінің тұрғындарының бірі.
Тағдырдың тәлкегіне ерте түскен балалар үйіндегі жандарды қоғам болып қорғауға атсалысуымыз керек. Әрбір баланың бақытты өмір сүруге құқығы бар. Жетімдердің тағдырына немқұрайлы қарамай, оларға қамқорлық көрсету – әрбіріміздің адамдық борышымыз. Себебі қоғамның деңгейі оның әлсіздерге деген көзқарасымен өлшенеді. Егер расымен «жетімін жылатпаған қазақ» болсақ, әрбіріміз бұл жағдайға бейжай қарамауымыз керек. Ал Orda.kz редакциясы жағдайды бақылап, алдағы уақытта ақпарат таратып отырады.
Еске сала кетейік, бұған дейін тілшілеріміз балалар үйінің құрылыс барысын біліп қайтқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық