Жетімдерді құл еткен Ұлытаудағы әйелге сот үкім шығарды
Фото: Pixabay
Ұлытау облысында балаларды қорлау фактісі анықталды. Балалар бірнеше жыл бойы физикалық және психикалық азап көрген, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокуратура мәліметіне сүйенсек, 2018 жылы жеке шаруашылық басшысы Р.Ж.Садықова атты әйел қиын жағдайға тап болған балалар орталығынан екі ұл мен қызды өз қамқорлығына алады.
Садықова балаларды фермада ауыр жұмыс жасауға мәжбүрлеген, олар малға күтім жасап, Жезқазған көшелерінен темір-терсек жинаған. Садықова өзіне ұнамаған немесе тапсырманы нашар орындаған балаларды үнемі соққыға жығып, кемсітіп, қорлап отырған.
Зерттеу барысында балаларға көрсетілген зорлық-зомбылық бірнеше жыл бойы жалғасқаны анықталды. Барлық айыптар сот отырысында расталды. Арнайы ауданаралық жасөспірімдер соты Садықованы балаларды азаптау және асыраушы өкілеттілігін теріс пайдалану бойынша кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырды.
Балалардың мектепке бір аптадан астам уақыт бармағаны туралы арнайы орган қызметкерлері 2023 жылғы қыркүйек айында алыпты.
Жаңалықтар
- Жетісу облысында болған жол апатынан 11 адам ауруханаға түсті
- Мұхтар Шаханов өмірден өтті
- АҚШ делегациясы Иранмен келіссөздердің екінші кезеңіне қатысу үшін Исламабадқа келді
- Алматыда 200-ден астам тұрғын құлағалы тұрған үйлерінен жаңасына көшті
- Almaty Half Marathon-на әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысты
- Қазақстандық спортшылардың осы аптадағы жетістіктері
- Астананың көлік жүргізушілері эвакуатор шақыру мен арнайы тұрақ ақысын өздері төлейтін болды
- Иран СІМ: Еуроодақтың өзі АҚШ пен Израильдің әскери қылмыстарын қолдап отыр
- Атырауда бөтен құжатпен 19 несие алған адам сотталды
- Солтүстік Қазақстанда 7,7 гектар орман алқабы өртенді
- Алматыда жол бойында өсіп тұрған ағаш автокөліктің үстіне құлады
- Сарбаздар мен әскери қызметшілерге телефон қолдануға рұқсат берілді
- Маңғыстауда жауған нөсер мен дауылдан жүздеген жылқы қырылды, ұсақ мал да бар
- КХДР Жапон теңізі бағытына бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды — БАҚ
- Украина Назарбаевқа арналған барельефті алып тастамайтын болды
- Қазақстан премьер-лигасы матчында «Қайрат» өз алаңында «Каспийді» жеңді
- Киев көшесінде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған кісі алты адамды жер жастандырды
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады