Жетібайдағы жұмыссыздардың аштық акциясы аяқталды
Бірнеше күннен бері мұнай кәсіпшілігіне барар жолды жауып тұрған Жетібайдың жұмыссыз халқы кеше түнде жолды ашты.
Жергілікті билік босатылған жолдың видеосын растады.
Ел арасында әңгімелесу жұмыстары жүргізіліп, ауыл тұрғындары акцияны тоқтатуға шешім қабылдағаны хабарланды.
«Жергілікті атқарушы органдар жүргізген түсіндіру жұмыстарынан кейін қатысушылар өз әрекетін тоқтату туралы шешім қабылдады. Жергілікті атқарушы органдар, қоғам белсенділері мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары Маңғыстау облысының тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелерін шешу бойынша жұмысты одан әрі жалғастырады» деп атап өтті әкімдік.
Наурыздың 29-нан 30-на қараған түнінен бастап, ауыл тұрғындары мұнай саласына жұмысқа орналасуды талап етті. Тіпті, «Альянс ЛТД», «Ақ жол құрылыс», «АЙКОМ ЛТД» серіктестіктерінің басшылары оларға өз компанияларына жұмысқа орналасуды ұсынса да, бас тартқан. Дегенмен әкімдік жұмыспен қамту мәселесі шешілетініне сенімді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық