Жеті жылдық тозақ: Петропавлда күйеуінен күнде таяқ жеген әйел мүгедек болып қалды
Фото: Верониканың әпкесі жіберді
Петропавл қаласында бірнеше жыл бойы отбасын азаптап келген ер адам әйелін мүгедек етіп, балаларын да жәбірледі. Жәбірленушінің туыстары Orda.kz тілшісіне оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Тамараның әпкесі Вероника Николаева: «Сіңлімді құтқарыңыздаршы!» деп көмек сұрады. Оның айтуынша, Тамараның бес баласы бар, ол күйеуінен бірнеше жыл бойы соққы көріп, ақыры мүгедек болып қалған. Соңғы рет Тамараны көшеде ес-түссіз құлап жатқан жерінен тұрғындар тауып алып, туыстарына хабар берген.
«Сіңлім күйеуімен, бала-шағасымен және анасымен бірге тұрған. Кейін анасы басындағы үйін беріп, бөлек шыққан. Міне, жеті жыл болды, Тамара таяқтан көз ашқан жоқ. Бұл — біздің білгеніміз ғана, ал білмейтініміз қаншама. Соңғы төрт жылда күйеуі сіңлімді бізбен араластырмады. Барсақ, қуып, үйіне кіргізбейді. Бір күні сіңлім өзі келді, бет-аузынан сау-тамтық жоқ, бірақ «бәрі жақсы» дейді. Анасы білдірмей, оны телефон камерасына түсіріп алған. Сіңлімнің тілінде кемістік бар, жағдайды дұрыс айтып жеткізе алмайды», — дейді Вероника.
Верониканың айтуынша, Тамара бірнеше рет соққыдан ауруханаға ауыр халде түскен, оған ота жасалған. Бірақ күйеуі ұруын тоқтатпаған. Соның салдарынан ол эпилепсияға шалдыққан, жиі талма ұстап, сал болып қалған.
«Күйеуі Дмитриймен 18 жыл бірге тұрып келеді. Балалардың да жағдайы ауыр. Мектептегі мұғалімдер неге байқамағанына әлі таңбыз. Сіңлім шіркеуден берілетін көмекпен ғана күн көреді, күйеуі оны күштеп қайыр сұратқан. Ал күйеуі өмірі жұмыс істемеген, балалар үйінде өскен адам. Қазір сіңлім біздің үйде, жағдайы өте нашар, екі аяғын басып жүре алмайды. Ал балалар күйеуінің қолында. Кеше полиция барған кезде күйеуі оларға шабуыл жасаған. 17 жастағы ұлы анасына қарсы шығып, әкесін жақтап тұр», — дейді Вероника Николаева.
Жәбірленушінің туыстары ер адамды әкелік құқынан айырып, Тамараға көмек көрсетуді сұрап отыр.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, осы уақытқа дейін бұл отбасынан ешқандай арыз-шағым түспеген.
«Отбасының тұрғылықты жеріне полиция қызметкерлері қамқоршылық және қорғаншылық органы мамандарымен бірлесіп шұғыл барды. Уәкілетті мекемелер 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалардың тұрмыс жағдайын тексерді. Көршілерден жауап алынды. Балалардың анасының қайда тұратыны да анықталды. Әйел күйеуі тарапынан жасалған заңға қайшы әрекеттер бойынша арыз жазды», деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті.
#НеМолчиKZ қоры жылдар бойы әйелін ұрып-соғып, мүгедек еткен ер адамның TikTok-та қыздарымен бірге видео жариялап жүргенін айтып, құзырлы органдардан отбасын қорғауды талап етті.
Қазір ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, ол қамауға алынды. Балалар аналарының қамқорлығына тапсырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық