Жеті баласын прокуратураға жетектеп әкелген келіншек жолдасына араша сұрады
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Нұралы Шахкөзовтың туыстары бүгін прокуратура алдына келді. Олар үш айдан бері қамауда отырған отбасының жалғыз асыраушысын үйқамаққа жіберуді сұрайды.
Ақтөбеде облыс әкімдігі алдындағы наразылық шарашысына қатысқан Нұралы Шахкөзов күдіктілердің бірі. 36 жастағы жеті баланың әкесіне ғимаратқа шабуыл жасады, мүлікті бүлдірді деген айып тағылған.
Бүгін прокуратура алдына таяққа сүйеніп келген анасы «балам жазықсыз» деп шырылдайды. 70 жасқа таяған қария науқас.
- Қаңтарда баламды үйден алып кетті. Алғашында 15 күнге жапты. Ай сайын созып, әлі күнге дейін шығарған жоқ. Ол жазықсыз. Митингке көппен бірге барды. Ғимаратқа шабуыл жасап, қиратқан деген жала жабылды. Балама бостандық сұраймын. Жазықсыз адамды соттап жібере ме? Керісінше, балам «бүлдірмеңдер» деп ғимараттарды қорғаған. Ол отбасының жалғыз асыраушысы. Қазір жағдай қиындап кетті. Жеті баламен үйде отырған келінім жұмысқа шыға алмайды. Жәрдемақыға қарап қалған балалардың тұрмысы қиындады, - дейді анасы Гүлжахан Қадырәлиева.

Нұралы Шахкөзовтің тұрақты жұмысы болмаған. Нәпақасын такси қызметінде жүріп тапқан. Қазір шиеттей бала-шағасының күн көрісі қиындап кеткенін айтқан келіншегі прокурордан көмек сұрады.
- Жолдасымды екі адамның арызымен қамауда ұстап отыр. Нақты дәлелдер жоқ. Үй қамақпен жолдасымды жіберулеріңізді сұраймын. Бізді кім асырайды? Осы жерге жаным қысылғасын келіп тұрмын. Алты балам мектепке барады. Олардың жолақысы бар. Жартысына киімді қарызға алдым. Жартысы әлі қысқы киіммен жүр, - дейді келіншегі Динара Рысмағамбетова.

Отбасымен тілдескен прокурор барлық шағымның тергеу кезінде қаралатынын айтты.
- Бұл азамат қылмыстық Кодекстің 269 бабы бойынша жауапкершілікке тартылған. Қылмыстық іске қатысты тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Тергеуге қатысты толық ақпарат беруге құқым жоқ, - дейді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Мақсат Сүйінғарин.
Тергеу изоляторында қамауда отырған Нұралы Шахкөзовтың 7 баласының алды 16 жасқа толса, кішісі 1 жастан асқан.
Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық