Жерді жеке меншікке беру туралы мораторийді тағы 5-7 жылға созу ұсынылды
Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысы өтті. Отырыс барысында заңгер Бақытжан Базарбек жерді сату жөніндегі мораторийді тағы бірнеше жылға соза тұруды ұсынды.
— Жерді жеке меншікке беру туралы мораторийді тағы 5-7 жылға созу керек. Өйткені халық жердің сатылуына дайын емес, қоғамда әртүрлі әңгіме тарап жатыр. Одан басқа да ауыл шаруашылық жерлеріне байланысты өзекті мәселелер бар. Мысалы шартты жер үлесі, оны пай жерлері дейді. Қанша мыңдаған шартты жер үлесіне байланысты жерлер жеке қолға кетеді,-деді Базарбек.
Сонымен қатар заңгер жер иелерінің реестрін құруды ұсынды.
— Екі ортада банкпен, ЖШС иелерімен де соттасуға да тура келеді. Оған Қызылордадағы жағдай куә, облыстық әкімдік алдында қаншама адам дауласып жүр. Кербұлақ ауданындағы «Бостан» кәсіпорнының жағдайы да тура сондай. Сондықтан шартты жер үлесі иелерінің реестрін құрып, оларды есепке алу керек. Одан бөлек банкке қойылған барлық шартты жер үлесімен байланысты жерлерді тексеріп, есепке алу қажет. Жер құнын тексеріп, қайта қарау керек. Оның барлығы уақыт талап етеді,- деді ол.
Бақытжан Базарбек отырыс алдында халықпен сөйлескенін айтады. Оның сөзінше, жерді жеке меншікке беруге халық әзірше дайын емес.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық