Жер жаһан мені жағымпаз деп ойласа да, Елбасын ерекше жақсы көрем - Балғынбек Имашев
Ақын Балғынбек Имашев Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше жақсы көретінін айтты. Бірақ ақынның жүрегі кең болып, онда Қасым-Жомарт Тоқаевқа да, Иманғали Тасмағамбетовке де орын табылған.
«Жер жаһан мені жағымпаз деп ойласа да өз басым Елбасын ерекше жақсы көрем. Бұл жүрегіме Алла салған сүйіспеншілік. Сондай-ақ, Әбіш Кекілбаевты да, Мырзатай Жолдасбековті де, Қасымжомарт Кемелұлын да, Иманғали Нұрғалиұлын да, Қырымбек Елеуұлын да, Бердібек Мәшбекұлын да жақсы көрем.
Бұлар мен үшін әкім, премьер, мем.хатшы, президент т.б емес, Тәуелсіз Қазақстанның ең қиын кезеңінде барлық күш-жігерін, қажыр-қайратын ел үшін сарп еткен қазақтың арда ұлдары. Бұл тізімді жалғастыра берсе болады, бірақ, мақсат біреуді мақтап, оған жағыну емес.
Мендегі қорқыныш - ендігі буында мұндай іскер, жанкешті, тәжірибелі, мықты кадрлар болмайды-ау. Кілең саудагер, кәсіпкер, бизнесмен, менеджер, пиармен, космополит кадрлар келетін сияқты» деп жазды айтыскер ақын өзінің парақшасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық