«Жер дауы»: Тұрғынға жер бермеген Риддер әкімі сотта жеңіліс тапты
Фото: Pexels
Риддер қаласының тұрғыны қала әкіміне Поперечное ауылында 50 гектар жерді мал жаюға және 15 гектар жерді шөп шабуға беру туралы өтінішпен жүгінді. Тұрғын өтінішін әкімдік мақұлдамаған соң, сотқа жүгінді. Енді әкімдік өз шешімін қайта қарайтын болды.
Бұл туралы Жоғарғы сот хабарлады.
Тұрғынның өтінішін әкім жер комиссиясы шешіміне сүйене отырып, мақұлдамаған екен. Жоғарғы сот шешімімен тұрғын әкімнің шешіміне қарсы сотқа жүгінді. Енді олар шешімді қайта қарайтын болды.
Бірінші инстанциядағы сот әкімнің әкімшілік актісінің негізсіз екенін (ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 79-бабы) және жер комиссиясының екі өтінішті бір дауыс беру арқылы қарау кезіндегі заң бұзушылықтарды атап өтті. Бұл жағдайда сот дауыс беру тәртібінің бұзылуы, комиссия мүшелерінің қорытындыларының хаттама мазмұнына сәйкес келмеуі және хаттамада бас тарту негіздерінің болмауы назарға алды.
Жергілікті соттар тұрғынның талаптарын қанағаттандырып, жер комиссиясының хаттамалық шешімін жойып, әкімді өтініштерді қайта қарап, оң әкімшілік акт қабылдауға міндеттеді.
Жоғарғы Соттың Сот қадағалау алқасы істі қарау барысында бұл сот актілерінің заңды және негізді екенін анықтады. Қала әкімінің және салалық аудандық бөлімдердің өкілдері жер комиссиясының хаттамалық шешімінің заңсыз екенін мойындады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық