Тоқаев жер қатынастары туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Бұл туралы Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Заңның негізгі мақсаты - жер заңнамасын жетілдіру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру институтын реттеу және жер телімін пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейту.
Негізгі заңдық өзгерістер мен толықтырулар мыналарды көздейді: қазақстандықтар мен қазақстандық заңды тұлғаларға ауылшаруашылық жерлерін 49 жылға дейін жалға алуға, жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімін тағы да ұзартуға құқық беру, сондай-ақ мемлекеттен сатып алынбаған ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді жалға алу құқығынан айыру.
Сонымен бірге ондай жер телімін пайдалану мерзімі кемінде 5 жылды құрайды, сонымен қатар жер қатынастары жөніндегі органдарға хабарлама беру міндетті шарт болып табылады.
Құжатта келесі міндеттер ескерілген:
- Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын әкімдіктерден жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетке қайтару;
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің «көгалдандыру» және «саяжай құрылысы» мақсаттарын өзгертуге тыйым салу;
- халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жергілікті жағдайларды ескере отырып, жайылымдарды басқару жоспарларында талап етілетін жайылымдық шекараларды анықтау;
- ұсынылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы ақпаратты мемлекеттік жер кадастрының интернет-ресурсында орналастыру;
- ауылшаруашылық жер телімдерін қазақстандықтарға жеке меншікке беруге жарияланған мораторийді 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық