Жеңгетайлықпен айналысқан әкімшінің «клиенттер» тізімінде танымал шенеуніктер бар
Фото: freepik.com
Ақтөбе полициясы қаланың әйгілі түнгі клубтарының бірінің әкімшісіне қатысты қылмыстық істі тергей бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Полиция қыздың ауқатты адамдарға эскорт қызметін көрсету үшін модель қыздарды жалдағаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр. Тергеу нәтижесінде күдіктінің «клиенттерінің» тізімі табылды. Ол тізімде қаладағы танымал кәсіпкерлерден басқа, әкімдік қызметкерлері мен шенеуніктер де бар. Енді тізімдегілердің бәрі бұл іс бойынша куәгер ретінде сұраққа тартылып жатыр. Олар тергеушіге өздерінің жеке қарым-қатынастарының егжей-тегжейін айтып беруге міндетті. Сондықтан кейбір шенеуніктер істе нақты деректерді көрсетпей, бүркеншік атпен жауап алуды сұрап отыр.
Облыстық полиция департаменті тергеу туралы ақпаратты растады. Департаменттің баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов тергеу барысына түсініктеме берді.
«Ақтөбе қаласының полиция басқармасы жезөкшелікпен айналысу, сондай-ақ жеңгетайлық үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Сотқа дейінгі тексеру жүргізіледі», - деді Ерболат Сарқұлов.
Жаңалықтар
- Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті
- Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Дениздің есірткі қолданғаны белгілі болды
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
- Қазақстанда цифрландыру мен AI жылы: Тоқаевтың мәлімдемесі
- Алматыға Enrique Iglesias пен Deep Purple келеді: Ал Eminem мен Shakira ше?
- Құпия жерде бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
- Мектептерде мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі
- Алматы қаласында алып ағаш құлап, көшені жауып қалды
- Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті
- Роза Рымбаева екі ұлынан бөлек тағы екі қызының бар екенін мәлімдеді
- Иранда барлық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
- Қостанайда блогер қатысқан төбелес: Полиция қылмыстық іс қозғады
- 44 градусқа дейін күн ысиды: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
- «Атырауға көп ақшамен барады»: Ұзату жайлы жазба желіні дүр сілкіндірді
- Құрамында ветеринар дәрігерлер де бар: Ұзақ уақыт бойы мал ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды
- Оқиға орнында қаза тапты: Әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тауып, екіншісі жараланды
- Шымкентте «алма бақтары» арқылы 430 млн теңге жымқырылған
- Екібастұзда дәрігер мен медбикені екі мас адам соққыға жықты