Жемқорлардың жемтігіне айналған ArtSport платформасы сәтсіз аяқталды
Коллаж: Orda.kz
Жоба 2026 жылдың 1 қаңтарында аяқталады, деп хабарлайды Orda.kz SoftDeCo ЖШС жүйесінің иесіне сілтеме жасап.
Жобаны жабудың ресми себебі ретінде - «экономикалық орынсыздық» екені айтылды. Іс жүзінде жүйе өз жобасының салмағын көтере алмады, ал жою басқарушылық жауапкершіліктің жоқтығы мен шулы жанжалдардың ұзақа созылуы жоба тарихына тек заңдық нүкте қойды.
Олардың кейбіреулерін еске алайық.
Сенімге негізделген жүйе тез арада жемқорлық қазанына айналды
ArtSport әу баста әлеуметтік көмек ретінде ойластырылған еді: тегін секциялар, қолжетімділік, бұқаралық спорт. Идея жұмыс істеді. Тек оны дұрыс іске асыру болған жоқ. Бақылаудағы олқылықтар, жеткізушілерді нақты іріктемеу және кадрларды дұрыс таңдамау жобаны алаяқтар үшін тамаша ортаға айналдырды.
Әртүрлі өңірдегі прокурорлық тексеру көп нәрсені анықтады:
- жалған үйірмелер; - «өтірік адамдар»;
- тізімдегі балалардың көптігі;
- ешқашан болмаған жаттығулар.
Мысалы, Ерейментауда кәсіпкер ешкім көрмеген домбыра мен үстел теннисіне ақша жинаған. Көкшетауда бір бала бір уақытта екі секцияға тіркелген. Нәтижесінде бес қылмыстық іс қозғалып, 16 млн теңгеден астам шығын белгілі болды. Бұл тек ресми тексерулер бойынша ғана.
Сапасыз қызмет пен құжаттарды қолдан жасау
Бірақ Ерейментау бер жағы болып шықты, Алматыда ArtSport нағыз масштабты көрсетті. Бұл жердегі алаяқтық одан бірнеше есе көлемді болды. Кейбір жеткізушілер орындалған жұмыс актілеріне «қоянның суретін салып кетсе», басқалары салық заңнамасын бұзған. Нәтижесінде - бас бостандығын шектеу, толассыз айыппұлдар және 25 млн теңгеге жуық төленбеген салықтар әшкереленді.
Бағдарламаның тікелей бюджеттен қаржыландырылғанына қарамастан осындай былықтар болған.
«Кадрлық» жанжал
2023 жылдың жазында Қазақстанның алты өңірінде ArtSport бағдарламасы бойынша бұрын секс-притондар ұйымдастырғаны үшін сотталған адамдар жұмыс істегені анықталды. Депутат Нартай Сәрсенғалиевтің мәлімдемесі мәдениет және спорт министрлігін ғана емес, барша жұртты таң қалдырды. Ведомствоның айтуынша, кадрлық мәселелермен жергілікті әкімдіктер айналысқан, ал министрлік оған еш бас қатырмаған.
Спортклубтар арқылы ұрлау - жемқорлықтың шыңы
Спортты дамыту дирекциясының бұрынғы басшысы Оралбай Жақсымбетовтің ұсталуы ArtSport проблемалары үйірмелер мен секциялардан әлдеқайда алшақ кеткенін көрсетті. Тергеушілердің пікірінше, Жақсымбетов 57 миллион теңге ұрлаған, оны негізінде бюджеттен Оралдағы футбол клубы алуы тиіс еді.
Сол кезде Антикор басқа адамдардың қылмысқа қатысы бар-жоғына және ұрлықтың жаңа фактілерінің анықталуына тексеру жүргізетіндерін мәлімдеді.
Жабаны жабу - «экономикалық орынсыздық» емес, жемқорлықты бүркемелеу ме?
«Орынсыз жұмсалған бюджет қаржысы» туралы ресми тұжырым басты сұраққа жауап емес, шулы жобаны «жылы жаба салудың» ыңғайлы тәсілі сияқты көрінеді. Негізгі сұрақ – мемлекеттік жоба алаяқтық тізбегіне қалай айналды?
ArtSport проблемалары - техникалық және экономикалық мәселе емес. Бұл бақылау жүйесінің мүлдем болмағандығы, жеткізушілерді іріктеудің жоқтығы, кадр сүзгісінің жетіспеушілігі және өңірлерге ысыра салған үлкен жауапкершілік. Сонымен қатар бұл сенім білдірудің де сәтсіз көрінісі...
Енді ArtSport ақыры жабылып тынды, бірақ ең өкініштісі – адамдардың мұндай бастамаларға деген сенімі одан әлдеқайда ерте өшіп үлгерді.
2022 жылдың өзінде Алматыда Art Sport бағдарламасы бойынша 1,7 миллиард теңге қарыз жиналып қалғанын сол кездегі қала әкімі Ерболат Досаев өзінің Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтып, шешімін табығу уәде берген еді.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір ер адам туған қызын 4 жыл бойы зорлап келген деген күдікпен қамалды
- «Қыз Жібек» фильмі: қырғыз режиссер жайлы дау не себепті қозғалды?
- Айбек Смадияров сыртқы істер министрлігіндегі қызметінен кетті
- СҚО-да сабақ үстінде химия мұғалімінің беті күйіп қалды
- Жапонияда күшті жер сілкінісі болды: цунами қаупі төнді
- Kundelik жүйесіндегі мыңдаған оқушының жеке деректері желіге тарап кетті
- Қарағандыдағы жалдамалы пәтерде 15 пен 18 жастағы жасөспірімдердің өлі денесі табылды
- Ақтөбеде авиазауыттың бұрынғы басшысы 110 млн ісі үшін қайта жауап берді
- Қазақстандық жас спортшылар джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатынан жүлдемен оралды
- СҚО-да шенеунік пара алып, қызметін ақша көзіне айналдырғаны үшін сотталды
- Зейнетақы жинағынан ақша алуға болатын тағы бір қызметке тыйым салынды
- Тоқаев ҰҚК-ға жаңа өкілеттік берді
- Эскорт, жезөкшелер үйі және бала саудасы: ІІМ адам саудасының заңсыз нарығын әшкереледі
- OpenAI ЖИ-ді жаңартты: Енді GPT‑5.2 нұсқасы жауап бергенде жаңылмайды
- Әлем чемпионатының кубогы Алматыға келеді
- Алматыда уланған адамдардың жағдайы белгілі болды
- Темірлан Анарбеков Чемпиондар Лигасының үздік қақпашысы атанды
- Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді
- Қазақстандық азамат Германиядағы банк шоттарын бұзды деген күдікпен ұсталды
- Алматыда 52 адам табиғи газдан уланып қалды