Жемқор шенеунікке әріптестерінің көзінше қатаң үкім шығарылды
Үкім Нұр-Сұлтанда сотталушы жұмыс істеген ұжымның қатысуымен жарияланды.
Сот үкімімен сотталушы сегіз жылға бас бостандығынан айрылды.
«30 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ Нұр-Сұлтан қаласы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының қызметкеріне қатысты үкім шығарды. Ол сегіз жылға бас бостандығынан айрылды» делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында.
Сотталушы Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілерінен қоғамдық тамақтандыру саласындағы қаражатты алу фактісі бойынша кінәлі деп танылды. Шенеунік пандемия кезінде бизнесмендерден әкімшілік жауапкершілікті алып тастағаны үшін пара алған.
Сот үкімі сотталушының ұжымы мен Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қызметкерлерінің қатысуымен бейнебайланыс арқылы жарияланды.
2021 жылдан бастап бұлтартпау шарасы ретінде қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған мемлекеттік қызметшілер ұжымының сот отырыстарына қатысу тәжірибесі енгізілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық