Жем мен Ойыл өзендеріндегі көпірлер су тасқынының астында қалды
Фото: diapazon.kz
Ақтөбе облысында еріген қар суының ағуынан республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда 15 су тасу оқиғасы тіркелді. Барлық жерде дерлік судың тартылғаннан кейін жолдар жөнделді, деп хабарлайды «Диапазон».
«Қобда ауданындағы Жиренқопадан әрі қарай «Шұбарқұдық-Ойыл-Соль-Илецк» тас жолында әлі де су бар, көлік қозғалысы жабық. Тұрғындар айналма жолды пайдаланады. Су басылған соң барлығы ретке келтіріліп, көлік қозғалысы ашылады. Сондай-ақ, Темір ауданындағы Ащысай мен Шығырлы аралығындағы Ақтөбе-Болғар-Шұбарқұдық тас жолында көлік қозғалысы әлі де шектелген. Онда тек жеңіл көліктер жүреді. Жол 1 мамырға дейін жөнделеді», - дейді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бекболат Нұрашев.
Тағы екі көпірдің мәселесі бар.
«Ембі маңында, Жем көпірінде су тасқыны кезінде көпір тірегі суға батып кетті, көліктер жүре алмайды, Ембіге Жаңажол арқылы жетеді, бұрынғыдай 92 емес, 160 шақырымдай жүреді. Көпірге 47 жыл болған, ескі, оның жанында жаңасы салынады. Оған дейін адамдар көлікпен жетіп, көпірден жаяу өтеді», - дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Айбол Данагүл.
Ойыл өзені арқылы өтетін жол жоқ. Онда да өзендегі көпірдің тіректері су астында қалған.
«Тұрғындар өзеннен қайықпен немесе понтонмен, ал көпірден жаяу өтеді. Өткелге дейін бір шақырым уақытша жол салынса, тағы бір айналма жол салынады. Ойыл өзені арқылы өтетін көпір сараптамадан өтті, жөндеу жұмыстары күтілуде, жұмыстар биыл аяқталады», - деп қосты Бекболат Нұрашев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық