Желтоқсаншыларды лаңкеске теңеген Ловягинаның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Желтоқсаншыларды лаңкеске теңеген Ловягинаның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы заңгер, «Желтоқсан-86» бірлестігі төрағасының орынбасары Әлібек Алмабаев әлеуметтік желіге жазды.
«Ловягинаға қатысты қылмыстық іс Сандықтау аудандық сотында қозғалды. Қарау онлайн форматта болады. Кімдер осы іс бойынша куә болуға дайын. Осында аты-жөндеріңізді және жеке телефон көрсетсеңіздер» деп жазды Әлібек Алмабаев.
Еске салсақ, «Желтоқсан-86» бірлестігі желтоқсаншыларды лаңкеске теңеген шенеунікті бұған дейін сотқа берген еді. Оның алдында «Аманат» партиясының Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы филиалының төрайымы Лариса Ловягина «1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыдағы көтеріліс кезінде көшеге шыққандардың барлығы террорист болған» деп сөйлеген. Шенеуніктің бұл сөзін әлеуметтік желіге алғаш Жеңіс Оспанов атты азамат таратты.
Арада бір күн өткеннен кейін Ловягинаның кінәсін мойындап, кешірім сұраған видеосы тарады.
«Кешірім сұраймын. Эмоция қосып сөйлегеніме өкінемін. Мен Қазақстанда туып-өстім. Осы жерде менің балаларым өсіп жетілді. Қазақстанды, Отанымды сүйемін. Осы елде өмір сүремін» деп ақталады Ловягина.
Кейін Ловягинаның қызметінен босатылғаны туралы мәлімет тарады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық