Желіде тағы да Назарбаевтың тоқалы туралы айтылды
Airan журналистері Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың некесіз балалары және оның бейресми қарым-қатынастары туралы сөз қозғады. Ғаламторда Тауман Нұрсұлтанұлының белгілі бір видеосы қызу талқыланып жатыр. БАҚ пен қоғамда жас жігітті үшінші бейресми әйелі Әсел Құрманбаевадан туған Елбасының ұлы деп атайды.
Желіде тегі Нұрсұлтанұлы есімі Тауман деген жігіттің Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің қызымен бірге түскен суреттері тарап жатыр. Бұл жағдайда Энергетика министрлігі түсініктемелерінің еш мәні жоқ болып көрінеді. Департаменттің баспасөз хабарламасында:
«Әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпаратқа жауап ретінде мынаны хабарлаймыз: Энергетика министрінің қызы видеоға түскен сыныптасымен жеке қарым-қатынасы жоқ. Алмасадам Сәтқалиевтің өзінің де тұңғыш президентпен туыстық байланысы жоқ және бұрын да болмаған» делінген.
Журналист Гүлжан Ерғалиева өз жазбасында Нұрсұлтан Әбішұлының жасырын ұлдарының серуендеп жүргені видеоға түсіп қалғанын жазды. Айтпақшы, ол жерде Нұрсұлтан Назарбаевтың әртүрлі әйелдерден туған басқа балаларын да аталды. Бұл тізімде ресми түрде бұрынғы президенттің немересі – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің ұлы болған марқұм Айсұлтан Назарбаев та бар. Бірақ әңгіме басқада.
«Бірінші құрбан Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Айсұлтан Назарбаев және жұмбақ жағдайда қайтыс болған стюардесса әйел болды. Назарбаев ұлын ашық мойындамай, сүймеген Сарамен ажыраспай, Айсұлтанның анасына үйленбей, ұлын Дариға мен Рахатқа тапсырды. Дегенмен ұлының өмірі қалай аяқталғанын біз жақсы білеміз» деп жазды Ерғалиева.
Журналистің айтуынша, Назарбаевтың тағы бір тоқалы - стюардесса сол кездегі президенттен екі қызды дүниеге әкелген, олар да астыртын өмір сүруге мәжбүр. Ғаламтордағы расталмаған ақпарат бойынша әңгіме Гүлнәр Рақышева туралы болып отыр. Ол туралы ақпарат өте аз. 90-шы жылдары бұрынғы стюардессаның бүкіл авиакомпанияны басқарғаны белгілі, бірақ кейін ол көзден ғайып болды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Назарбаевтың тоқалы Гүлнәр Рақышева балаларымен Лондонда тұрып жатқанына көп болған.
Бірақ Қазақстанның бұрынғы президентінің гаремі тек стюардессалардан құралған жоқ. Елбасының үшінші, ең жас, бәлкім, ең сүйікті жары – сұлулық ханшайымы Әсел Құрманбаева болатын.
Әсел Құрманбаева – «Қазақстан аруы – 1999». Лондонда өткен «Әлем аруы» байқауының қатысушысы. Ол хореографиялық мектепті бітірді және сирек кадрларға қарағанда, үлкен үміт көрсеткен. Бұл оның өміріндегі үлкен оқиға болды. Бұқаралық ақпарат құралдарында және қоғамда жарияланған ақпаратқа сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші тоқалы елордадағы «Астана Балет» театрының алғашқы негізін қалаушы және оның жетекшілерінің бірі. Олар Назарбаевтың бұйрығымен Құрманбаеваға Алматыда жаңа театр да салынғанын жазды. Ол көптен бері алғаш рет 2018 жылы Президенттің Қазақстан халқына жолдауында ел алдына шығып, қайтадан жоғалып кетті.
Әселде, журналистер жазғандай, Нұрсұлтан Әбішұлының екі ұлы бар, олардың бірі Тауман Нұрсұлтанұлы.
«Әсел анасы жақтан Құрманбаева, әкесі жақтан Исабаева. Елбасы құмарлығының тағы бір құрбаны екі мұрагерді дүниеге әкеліп, балаларымен таққа талас үшін отбасылық кикілжіңге ілініп, мұрагерлік жоспардың құралына айналды. Назарбаевтың заңды отбасындағы, әсіресе Нұрсұлтанның үлкен қызы бәсекелес ретінде қандай өшпенділікке барғанын түсіну керек» деп жазды Ерғалиева.
Нұрсұлтан Әбішұлының өзі ғана емес, некесіз балаларын қоғамнан жасырғаны да сондықтан. Олар қандай негативке төтеп беруге тура келетінін түсінді. Әлде басқа да себептері болды ма? Белгісіз.
Жаңалықтар
- Гонконг әуе компаниясы Қазақстанға рейс ашады
- Бишімбаев ісімен танылған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті
- 200 жер телімі алынады: Үлкен Алматы айналма жолына алты жолақты магистраль қосылады
- Қонақүйдегі жанжал: Қайрат Нұртас қыз зорлады деген ақпарат расталмады
- 15 жастағы қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында әлемдік рекорд орнатты
- ӘЧ-2026: Испания құрамасы Бельгияны жеңіп өз рекордын жаңартты
- Джеки Чан «Құдыретті сауыт: Ультиматум» фильмі түсірілімі алдында Қазақстандық банктің клиенті атанды
- BaiQymyz-2026: Астанадағы фестивальде қонақтарға 56 тонна қымыз құйылады
- «Мың зымыранды Иранға бағыттаймын»: Трамп ультиматум қойып, тағы қорқытты
- Тоқаев Трамппен экономика мен қауіпсіздік мәселелерін талқылап, оны Қазақстанға шақырды
- Астанада төрт адамды балталап өлтірді деп айыпталған адамға мәжбүрлі ем тағайындалды
- Үш министрліктің бұйрығы: Қазақстан көші-қон саясатын қатаңдатады
- Ақтөбеде мерзімді қызметтегі сарбазды ұрған сержант сотталды
- «Әділет» партиясы сайлауалды бағдарламасы мен кандидаттар тізімін бекітті
- Қостанайда пойыз вагонына шыққан жасөспірім тоққа түсіп, ауыр күйік алды
- Астанада мешітте намаз оқып жатқан ер адамның телефонын ұрлап кеткен
- Төрт күдікті ұсталды: Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында көлік жуатын орында атыс болды
- Ақтөбе облысының Байғанин ауданында төтенше жағдай жарияланды
- Түркияда 18 жастағы қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты: СІМ мәлімдеме жасады
- Ердоған Анкарадағы НАТО саммитінен кейін Еуропа көшбасшыларына арнаулы тапанша сыйлады