Диана Тәшімбетованың түнгі клубтағы видеосы талқыға түсті
19 жастағы сұлулық ханшайымы Диана Тәшімбетованың басы үлкен дауға қалды.
Желіде «Ғалам аруы Қазақстан-2022» байқауының жеңімпазы түнгі клубта кадрдан мас күйінде ер адамның тізесіне отырғаны және өзін өте ерсі ұстағаны көрінетін видео пайда болды. Бейнекескінді ресейлік телеграм арналары жария еткен.
Ақпаратты жариялаған Super сайтының хабарлауынша, Тәшімбетованың байқауға қатысуға дейінгі өмірбаянының кейбір деректері де су бетіне шыққан. Телеграм арналардағы ақпаратқа сай, Диананың бұл видеосы ол «Мисс Қазақстан - 2022» байқауына қатыспай тұрып, Дубайда түсірілген.
«Кейбір мәліметтерге сәйкес, ол қыз үйленген жігітпен қарым-қатынаста болған: оларды Дубайда бірге көрген. Оның үстіне, олар айтқандай, ол жігітті жақын құрбысынан тартып алған деседі. Әлеуметтік желі қолданушылары «беделі төмен бұл ару сұлулық байқауына қатысуға қалай жіберілді?» деп таң қалды. Қазақстан – консервативті ел, ондағы отбасылық дәстүрлер киелі» деп жазады ресейлік басылым.
2022 жылдың желтоқсанында «Қазақстан аруы» байқауының аккаунтында қыздың «ұйымдастыру комитетіне, оның серіктестеріне және басқа қатысушыларға құрметтемегені үшін» тәжінен айырылғаны туралы хабарлама жарияланды. Кикілжіңге Тәшімбетова ұйымдастырушыларды кінәлаған «Әлем аруы» байқауына дайындықты қаржыландырудың жеткіліксіздігі себеп болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық