Жеке компания қолданылған суды Каспий теңізіне төгіп отырған
Осыған байланысты «Aktau tourism city ltd» компаниясына қатысты алты әкімшілік іс қозғалды.
Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті «Aktau tourism city ltd» жеке серіктестігі филиалында Каспий теңізі мен Қаракөл көліне ағынды сулардың қосылуы фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Тексеру кезінде ағынды сулардың қосылуы тіркелді. Бұл ҚР Экологиялық кодексінің 222-бабының 8-тармағының талаптарын бұзады.
«Бүгінгі таңда компания хлорланған бассейн суы ағызылатын құбырдың көзін жойды, екінші құбырды алып тастау жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, кәсіпорын бассейн суларын және теңіз суын тұщыту қондырғысында тазартқаннан кейін ағызып отырған» дейді ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұл ретте тексеру су құрамында нитраттар мен хлоридтердің белгілі нормадан артық екенін анықтады. 2021 жылдың 15 қыркүйегінен бастап суларды тазарту қондырғысындағы техникалық ақауларға байланысты кәсіпорын ағынды суларға биологиялық тазарту жүргізбеген.

«Aktau tourism city ltd» ЖШС-не қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 324, 325, 326, 328, 331, 332 баптары бойынша алты әкімшілік іс қозғалды.
Экология департаменті Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына кәсіпорынға қоршаған орта туралы бұрын берілген рұқсатты қайтарып алу мәселесі бойынша хат жазды.

Бұған дейін Қазақстанда судың аздығына байланысты проблемалар туралы хабарланған болатын. Экология министрлігін әсіресе Сырдария өзені алаңдатып отыр. Бүгінде Шардара мен Көксарай су қоймаларыда өткен жылмен салыстырғанда 770 миллион текше метр су аз жиналған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық