Жеделсатыдағы екі ер адам: қылмыстық іс қозғалды
фото: видеодан кадр
Әлеуметтік желіде жеделсатыда сүйісіп тұрған «Энергетика министрлігінің шенеуніктеріне» байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Ішкі істер министрлігі департамент қызметкерлеріне қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Алайда кімнің жауапқа тартылатыны әлі нақтыланған жоқ.
«Энергетика министрлігі қызметкерлерінің жеделсатыда болған оқиғаға қатыстылығына байланысты бұрын әлеуметтік желілерде тараған шындыққа жанаспайтын ақпаратқа сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін жалған ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетіні туралы хабарлаймыз» делінген хабарламада.
Еске салсақ, әлеуметтік желілерде Астанадағы жеделсатыда сүйісіп тұрған екі ер адам видеоға түсіп қалды. Кейбір telegram-арналар видео кейіпкерлерін Энергетика министрлігінің қызметкерлері деп атады. Бірақ министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Таратылған видеодағы адамдар Энергетика министрлігінің қызметкерлері емес. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Мән-жайды анықтау үшін департамент тиісті органдарға хабарласады» деп мәлімдеді ведомство.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық