Жедел жәрдем жүргізушісі әріптесінің үйін өртеп жіберді

cover Фото: freepik.com

Ақтөбе қаласының №2 сотында әріптесінің үйін өртеген жедел жәрдем жүргізушісіне үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Сотталушы жұмыс барысында әріптесінің еңбек демалысын бермегеніне ашуланады. Кейін сотталушы өзінде әріптесінің пәтерінің қосымша кілті бар екені есіне түсіп, оның үйіне өрт қояды.

Сотталушы тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындады.

«Сот үкімімен соттаушы Е. кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды» делінген хабарламада.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар