Жедел жәрдем көлігіне баласы шанамен апарған әкенің жағдайы
Қостанай облысында болған қатты боран салдарынан жолдар жабылып қалғанда шақырған жерге дейін жедел жәрдем көлігі жете алмаған. Науқас әкесін шанаға салып сүйреген қаршадай бала әкесін жедел жәрдем дәрігерлерінің қолына табыстаған болатын.
Оқиға 11 наурызда Арқалық маңындағы Родинский ауылдық округінде болған. Олимпийский ауылына бара жатқан жедел жәрдем ауруханаға шұғыл жатқызуды қажет ететін науқасқа жете алмаған. Жедел жәрдемге тезірек жеткізу үшін ұлы науқасты шанамен сүйреген. Бұл факт туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасында түсініктеме берілді.
— Екінші санаттағы шұғыл шақыру тобы Родина ауылынан келді. Науқас 46 жаста, улы затпен уланған. Ер адам бөтелкедегі суды улы затпен шатастырып, байқаусыздар ішіп алған. Жедел жәрдем жағдайдың ауыр екенін ескеріп, науқастың көлікке өз бетімен келуі керек екенін айтқан, деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Арқалық қаласының әкімі Қайрат Әбішев те тазартылмаған жолдардың жағдайын түсіндіріп өтті.
— Бірнеше күнге созылған ұзақ жауған қар мен дауылдың салдарынан Родина селосының құрамына кіретін Олимпийский кентін қоса алғанда, Родина кентінің жолдары мен жүріс бөліктері жабылып қалды. Коммуналдық қызметтер жол тазарту жұмысын жүргізгенімен, түнде тағы қалың қар жауды. Бірінші кезекте қоғамдық көліктің жүруіне арналған жолдар тазартылды. Ауа-райы жағдайлары көлік қозғалысы үшін, әсіресе Олимпийский елді мекені бағытында белгілі бір қиындықтар тудырды. Қазіргі уақытта жол тазартылып, барлық бағыттағы қозғалыс қалпына келтірілді, деп түсіндірді әкім.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық