Жедел жәрдем көлігі Алматы көшесінде балшыққа батып қалды
Алматыда жедел жәрдем көлігі Көлсай ықшамауданындағы жолда тұрып қалды. Жабдықтарын көтерген дәрігерлер шақыртылған жеріне батпақтатып жаяу барды.
Жолда тұрып қалған жедел жәрдем көлігінің суреті kris.p.online парақшасында пайда болды. Суреттен тас жолдың орнына белшеден балшықты жолды көруге болады.
«Олар адамға көмектесуге барады, бірақ «мінсіз» көшелер мен Көлсай ықшамауданы жолдарының арқасында уақытылы жете алмайды», - деді парақша.
Алматыдағы жедел жәрдемнің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Кеше, 7 ақпанда Көлсай ықшамауданындағы Дәуір көшесінде дәрігерлердің көлігі шынымен де батпаққа батып қалды.
«Қоңырауға 30 минуттай жетпей, көлік кептеліп қалды. Дәрігер жабдықтарын алып, шақыртуға батпаққа белшесінен батып, жаяу барған. Науқасқа көмек көрсетілді, оны ауруханаға жатқызу қажет болмады»,- деп түсіндірді Алматыдағы жедел жәрдем баспасөз қызметі.
Олардың айтуынша, көлікті балшықтан шығару үшін жеке көліктер мен төрт дөңгелекті жабдықтарды тартқан. Бірақ ол еш көмегін тигізбеді. Тек үш сағаттан кейін жүргізуші ойластырған құрал мен домкраттың көмегімен шығарылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық