Жеңіс күні қарсаңында арнайы операциялық бөлімшелер құрылды
Тоқаев жоғары мобильді және гибридті соғыс жүргізуге қабілетті арнайы операциялық бөлімшелер құрылғанын айтты.
Қазақстан Президенті Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Ол өз сөзінде Қазақстан армиясының бүгінгі жағдайын арнайы атап өтті.
Мемлекет басшысы армия Жаңа Қазақстанның сенімді тірегі екенін, оның сарбаздары ел қауіпсіздігін сенімді күзетіп отырғанын атап өтті.
— Олар батыр бабаларының даңқты жолын абыроймен жалғастыруда. Қазақ үшін Отан мен ерлік – тең ұғым. Ерлік біздің қанымызда бар. Қазыбек би айтқандай, «жерімізге жау тимесін деп, қолымызға найза аламыз». Ұлы Дала жауынгерлері қай кезде де өз Отанын найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғай білді. Олар Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр жерлерді ұрпақтарына қалдырды. Ата-баба өсиетіне адал болып, еліміздің тұтастығы мен тыныштығын сақтау үшін бар күшімізді саламыз. Бұл әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент мұның барлығы Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға елеулі үлес қосуға қабілетті сенімді халықаралық серіктес ретіндегі беделін нығайта түсетінін айтты. Сонымен қатар, Қазақстан Қарулы Күштерді жоғары технологиялық қару-жарақпен және техникамен қамтамасыз етуге үлкен мән береді.
— Бүгінде біздің армия әлемдік стандарттарға сай жабдықталған. Сонымен қатар, жаңа жаһандық сын-қатерлер Қарулы Күштеріміздің жауынгерлік қабілетін арттырудың оңтайлы шешімдерін іздеуді талап етеді. Сондықтан менің нұсқауым бойынша жоғары мобильді және гибридті соғыстарды жүргізуге қабілетті арнайы операциялық бөлімшелер құрылды. Әлемдегі соңғы оқиғалардың тәжірибесін ескере отырып, біз әскери іс-қимылдардың стратегиясы мен тактикасын үнемі жетілдіріп отырамыз. Жеке құрам жауынгерлік әзірлікті арттырады, ауқымды оқу-жаттығулар өткізеді. Болашақ офицерлерді даярлаудың заманауи жүйесі құрылды, - деді Тоқаев.
Президент еліміздің әскери доктринасы тек қорғаныстық сипатқа ие екенін, ал ұлттық мүдделерді қорғау мәселесінде Қазақстан дипломатияға сүйенетінін атап өтті.
— Бірақ әлемде бұрын-соңды болмаған геостратегиялық шиеленіс жағдайында еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру біз үшін ерекше маңызға ие. Қазақстан үшін маңызды басымдық әскери-техникалық саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады, - деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Отан қорғаушылар күнін мерекелеудің терең символдық мәні бар екенін атап өтті. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихында өшпес із қалдырғанын да еске алды. Соғыс жылдарында халқымыз нағыз ержүректік, батылдық пен қайсарлық көрсетті.
— Әскерді қару-жарақпен қамтамасыз етуде және Жеңіс күнін жақындатуда соғыс жылдарында елімізде салынған зауыттар мен көшірілген кәсіпорындар үлкен рөл атқарды. Қазақстаннан шақырылған 500-ден астам майдангерге фашистік басқыншыларға қарсы шайқастарда көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыс даласында ерлікпен шайқасқан қыздарымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдері халқымыздың жадында мәңгі сақталады, – деді президент
Биыл Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толады. Ол 300-ден астам рет көкке көтерлді. Тәуелсіздік алғаннан кейін «Халық қаһарманы» атағын алды. Алайда, қаншама қандастарымыздың ерліктері күні бүгінге дейін бағаланбай келеді.
Осы орайда тарихи әділеттілікті қалпына келтіру біздің қасиетті борышымыз деп білемін. Әскерді қару-жарақпен қамтамасыз етуде және Жеңіс күнін жақындатуда соғыс жылдарында елімізде салынған зауыттар мен көшірілген кәсіпорындар үлкен рөл атқарды. Қазақстаннан шақырылған 500-ден астам майдангерге фашистік басқыншыларға қарсы шайқастарда көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, - деді Тоқаев.
Соңында Тоқаев барлық жиналғандарды Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық