Жеңілдетілген автокөлік несиесі алаяқтардың жаңа табысына айналды
Телефон алаяқтары қазақстандықтарға жеңілдетілген автонесие алуды ұсына бастады. Құқық қорғау органдары сақтыққа шақыруда.
Телефон әңгімесі барысында олар өздерін банк немесе автосалон қызметкерлеріміз деп таныстырып, қысқа мерзімде іс-қағаздарын рәсімдеуге көмектесуге уәде береді, деп хабарлайды Elorda.info.
— Әңгімелесушінің психологиясын зерттей отырып, алаяқтар әртүрлі айла-шарғы қолдануы мүмкін және клиент өзінің жеке деректерін (банк деректемелері, шот нөмірлері, CVC кодтары) дереу айтуға келіспесе, көлік уақытында рәсімделмеуі мүмкін деп қорқытады. Сондықтан біз азаматтардан сұраймыз. Сақ болыңыз және үшінші тұлғалармен сөйлескен кезде құпия жеке мәліметтерді айтпаңыз, - деді Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры Дәурен Дайыров.
Дәурен Дайыров «ақпараттық жүйені пайдаланушыны» алдау немесе сеніміне қиянат жасау 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілетінін ескертті.
16 мамырда қазақстандық банктер жылына 4 пайызбен жеңілдетілген автонесие бере бастады. ҚР Индустрия және инфрақрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бағдарлама іске қосылғаннан бері бір айға жуық уақыт ішінде 20 мың қазақстандық төмен мөлшерлемемен несиеге қызығушылық танытқан. Оның ішінде өтінімдердің жартысына жуығы мақұлданды, ал 3000 автокөлік жаңа иелеріне берілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық