Жеңілдетілген автонесие бойынша қанша алуға болады?
Фото: Ашық дереккөзден
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесиенің талаптары туралы айтты.
Қарабаевтың айтуынша, көліктің құны 10 млн теңгеден көп болса, сатып алушы өз қаражатын қосады.
«Жеңілдікпен көлік алуға берілетін кредит лимиті – 10 млн теңге. Егер көлік құны 10 млн теңгеден жоғары болса, қалған қаржыны сатып алушы өз қалтасынан төлейді. Жеңілдетілген несие көліктің маркасына қарамастан, барлығына беріледі. Ал кредиттің 10 млн теңгеге дейін берілетін себебі, мәселен, 25 млн-ға көлік алуға қаржылық мүмкіндігі бар адам жеңілдетілген кредитсіз-ақ көлік сатып ала алады емес пе?» деді вице-министр.
Еске салсақ, кеше премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр алғашқы жарнасыз, 7 жылға 4 пайызбен жеңілдтілген авто несие алуға болатыны туралы айтқан. Осы мақсатта «Жасыл Даму» компаниясы 10 млрд теңге бөлуге ниетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық