Жазушы Торғын Жолдасбекқызы 37 жасында өмірден озды
Фото: Массагет
Жазушы Торғын Жолдасбекқызы 37 жасында өмірден озды, деп қаралы хабарды фейсбук парақшасында Дәурен Дариябек жеткізді.
«Қараторғай, бақұл бол! Бұрымды қыз артына бұрылмай арғы дүниеге аттаныпты. Қимастық кеудені кеулеп барады. Торғынның тағдыры - адамзатқа өмірдің мәнін ұқтыру болған секілді. Жанынан кешкен жазушы бар болмысымен, шынайы қалпында ғұмыр кешуді үйретіп кетті. Адам бойындағы қасиет әр түрлі ситуацияда ашылады. Генетикалық аутоиммундық дертке шалдыққан Торғынның миллиардтаған бұлшық ет талшықтары күн өткен сайын өліп жатты. Торғын – сол аурудан өмірдің мәнін тапқан жазушының бірі: отбасы болды, радиода авторлық хабарын жүргізді, Facebook пен медиа арқылы елге танылды. Жүруден қалып, арбаға таңылған арудың «Араша» кітабы жарыққа шыққан, жақында фэнтези жанрындағы «Кеш қалма» кітабының тұсауы кесілді. Сол кітапқа редакторлық жасаған едім. Ауру меңдеп, торыққан сәтте түс көруі – оның өмірі мен сана-сезіміне үлкен өзгерістер енгізді... Тағдыр Торғынға қалам сыйлады…» делінген жазбада.
Жазушы «Араша» және «Кеш қалма» кітаптарын жазған. Оның жүзге жуық шағын әңгімелері түрлі басылымдарда жарыққа шыққан. Соңғы шығармалары жазушының өмір жолындағы естеліктері мен әлеуметтік тақырыптарды қамтиды. Торғын Жолдасбекқызының артында кәмелет жасына толмаған қызы қалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық