«Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты
Фото: instagram @askarzhumabeqov
Актер Асқар Жұмабек түсірілім алаңында болған жанжалға байланысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, ол әріптесі Айнұрға қол көтермеген, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның сөзінше, жанжал түсірілім уақытына байланысты басталған. Ол түнгі түсірілімнен таңғы төрт жарымда үйіне келгенін, қатты шаршағанын айтады. Сондықтан, өзі Айнұрдан таңғы 8:30-да оятуды сұраған.
«Мен 9:55-те келдім, кешіккен жоқпын. Бірақ маған бірден претензия айтыла бастады», — дейді актер.
Оның сөзінше, әңгіме барысында Айнұр «сіз үнемі кешігесіз» деген сөз айтқан. Осыдан кейін жанжал ушығып, екі тарап бір-біріне ауыр сөздер айтқан.Жұмабек оқиға кезінде ашуға беріліп, студиядан кетіп қалғанын жеткізді. Ол өз әрекетін мойындай отырып, эмоцияға берілгенін жасырмайды, бірақ физикалық күш қолданбағанын тағы да атап өтті.
«Чемоданды теуіп, боқтап шығып кетіп қалған кезім. Мен чемоданды тептім, біріншіден. Оны емес. Қателеспеңіздер. Мен қыз баласын ұрып немесе теуіп ондай жауыз емеспін», — деді ол.
Сондай-ақ актер Айнұрдың айтқандарын «жала» деп бағалап, бұл жағдайды жай қалдырмайтынын айтты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық