Жауын-шашын салдарынан Маңғыстау облысын су басты: Халық зардап шегуде
Фото: Lada.kz.
Маңғыстау облысында жауын-шашыннан жиналған суға жер асты сулары қосылып, аулалар мен көшелерді су басты, деп хабарлайды Orda.kz жергілікті Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мұнайлы ауданын су басу мәселесі оншақты жылдан бері жыл сайын қайталанып келе жатқан жағдай, жауын-шашынға жер асты сулары қосылып тұрғын үйлерді су басты. Билік оны шешуге уәде беріп отыр, бірақ әзірге ауыз толтырып айтарлықтай ештеңе жоқ. Ал ауыл тұрғындары орасан зиян шегіп отыр. Бұл жолы да әкімдік жоба әзірленіп жатқанын хабарлады, алайда қаражат әлі бөлінбеген» деп жазады жергілікті басылым.
Басылым мәлімдегендей, Мұнайлы ауданының тұрғындары облыс әкімдігінің Telegram-чатына су басқан үйлердің бейне жазбасын үздіксіз жіберіп жатыр. Ақпаратқа қарағанда, су толы аулаларды есепке алмағанның өзінде жаңбыр суы үйлердің қабырғаларына сіңіп жатыр.
Жергілікті халық мереке күндері өз аулалары мен шаруашылық құрылыстарын және тұратын үйлерін құрғатумен әлектеніп кеткен.
Мұнайлы ауданының әкімдігі хабарлағандай, жауын-шашынға жер асты сулары қосылып, су ағатын 14 жүйе су көлемін көтере алмай отыр екен.
«Жауын-шашын басталысымен Атамекен ауылдық округінде арнайы техника мен мамандар көмегімен көшелер мен аулалар, су ағатын жүйелер тазартылуда. Халық мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі, ауылдық округ әкімдігі және тиісті мекемелер барлық қажетті шараларды қабылдайды. Бұл жұмыс аудан әкімінің күнделікті жеке бақылауында», деп хабарлады Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық